Науырзым ауданының орталық алаңында 4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне орай мерекелік іс-шара болып, бірқатар азаматтар марапатталды.

Оған аудандағы бүкіл мекеме, ұжым өкілдері салтанатты сап түзеп, Мемлекеттік ту желбіреді.

1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Мемлекеттік рәміздер еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу.

Орталық алаңда бас қосқан салтанатты жиында аудан әкімі Мәди Ихтиляпов сөз сөйлеп, құттықтауын жеткізді.

– Құрметті жиналған қауым. Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер мерекесімен құттықтаймын. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші, халықтың рухын көтеретін ұлы құндылығымыз. Мемелекеттік рәміздерде айшықталған асқақ рух бар. Оған әрқашан адалдық танытып, еліміздің дамуына еселі еңбек ете берейік, – деді ол.

Мерекелік шара аясында аудан басшысы жоғары көрсеткіштерімен танылып келе жатқан үздік спортшыларды марапаттады. Олардың қатарында Мирас Тұрманов бар. Ол еркін күрестен спорт шеберіне үміткер, жастар арасында Қостанай облысының жеңімпазы және республикалық жарыстардың жүлдегері. Ересектер арасында Қостанай облыстық  спартакиадасының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Осы сияқты Арман Ахотов та болашағынан үміт күттіріп жүрген спортшы. Қостанай облысының чемпионатының жеңімпазы. Бокстан 2021 жылғы Марат Якубовты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы. Қазақстан Республикасының аймақтық чемпионатының күміс жүлдегері. Жасөспірімдер арасында ҚР құрама команда мүшесі. Марапатқа кенелген спортшының бірі – Нұрбол Китебаев. Қостанай облысының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. Халықаралық турнирлерінің қатысушысы. 74 келі салмақта «Қостанай қыраны-2024» чемпионатының  күміс жүлдегері. Ата аталған спортшылар ауданның ғана емес, еліміздің намысын көтеріп жүрген жандар. Бүгінгі маңызды күнде марапатталып жатқандыраны риза.

Мазмұнды жиынды аудандық мәдениет үйі өнерпаздары жалынды жыр, айшықты арнауларымен ажарландыра түсті.

Ай Әбділда

Редактор

Recent Posts

Арқалықта жылу желілері жаңартылуда

Арқалық қаласында жылу желілерінің тозу деңгейі екі есеге азайды. (далее…)

1 неделя ago

Арқалық қайта жанданып келеді

Арқалық қаласында ұзақ уақыт бойы бос тұрған үйлер мен әлеуметтік нысандар қайта жөндеуден өтіп, пайдаланысқа…

1 неделя ago

Арқалыққа басымдық: Торғай өңірін дамытудың өзегі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы Үкіметтің ерекше бақылауына алынды. (далее…)

2 недели ago

Строительство аэропорта в Аркалыке завершится в 2026 году

В текущем году в Послании народу Казахстана Глава государства особо подчеркнул, что социально-экономическое развитие Торгайского…

2 недели ago

Арқалықта жерлесіміз Сәкен Қосмұхамбетовке ескерткіш тақта қойылды

Арқалық қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері, Арқалық қаласының Құрметті азаматы, «Еңбек Қызыл ту» орденінің иегері…

2 недели ago

Арқалық қаласы әкімдігінде іссапар шығындарын төлеу барысында заңбұзушылықтар анықталды

Арқалық қаласы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығындарын төлеу кезінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.