Елімізге Пржевальский жылқылары қайта оралады.

Бүгін 8 бас жабайы жануар тұқымы Қостанай облысындағы «Алтын да¬ла» табиғи резерватына жіберілді. Егер жерсініп кетсе, алдағы 4-5 жылдың ішінде тағы 40 шақты бас әкелінеді.Әуежай басында мінбер ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Чехия республикасының елшісі Павол Шепеляк, Прага зообағының директоры Мирослав Бобек және жазушы Қанат Тасыбековтер қатысты.

Зерттеушілердің жазуынша, оның негізгі себебі ұлы далаға келген ашаршылық кесірі мен жосықсыз аңшылықтың зардабында жатса керек. 2023 жылғы 24 сәуірде Астанада өткен Қазақстан – Чехия бизнес форумында Қазақстанның Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Прага хайуа¬наттар бағы «Жойылып кету қаупі төніп тұрған жануар түрін (Пржевальский жылқысы Equus Przewalskii) қорғау туралы» меморандумға қол қойған болатын.

Аталған меморандум аясында Чех Республикасы мен Германия Федеративті Республикасынан 2024 жылдың 3-4 маусым күні бастапқы 8 жануарды (Чехиядан 4 бас, Германиядан 4 бас), яки Пржевальский жылқысын Қазақстанға алып келіп, Қостанай облысының аумағында орналасқан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-ның аумағына реинтродукцияланды. Айта кету керек, жылқыларды тасымалдау міндеттемесін Чех тарапы өз мойнына алып отыр. 8 бас CASA C-295M арнайы әскери ұшақтарымен жеткізілді.


Пржевальский жылқы тұқымын қазақ жеріне қайтару жөніндегі жаңа халықаралық жобаға Еуропадағы бірнеше хайуанат бағы қатысқалы отыр. Жоба аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Прага хайуанаттар бағы, АСБК, Франкфурт зоология қоғамы, Берлин және Нюрнберг хайуанаттар бағы мен Hortobágy ұлттық паркі (Мажарстан) ынтымақтастық меморандумына қол қойып, ресми серіктес атанды.

«Біз жабайы жылқы тұқымын хайуанаттар бағынан жабайы табиғатқа жіберудің және бір тарихын жазуды бастадық. Бұл жоба бұрын Моңғолияда сәтті енгізілді, қазір ол жақта тұқым көбейе бастады. Осыдан кейін Қазақстан Үкіметі де бізге осындай өтінішпен жүгінді. Алдағы бес жыл ішінде «Алтын Дала» даласына 40-қа жуық жылқы тасымалдау жоспарлануда», – деді Прага хайуанаттар бағының директоры Мирослав Бобек конференцияда. Прага хайуанаттар бағы бұған дейін 2012–2019 жылдары жабайы жылқыларды Моңғолиядағы бұрынғы мекеніне қайтару жобасын іске асырған айта кеткен жөн.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің маманы Бексұлтан Мейірбековтің айтуынша, реинтродукция орталығына жіберілетін 8 бас жабайы жылқы арнайы жабдықталған екі қоршауда (вольер) болады.

«Бүгінде тиісті қоршаулар салынды, күзет шараларына қажетті автокөлік бар. Жануарлардың ем-домына ветеринарлық препараттар сатып алынды. Қазір Чехия тарапымен тәжірибе алмасу бойынша келіссөздер жүруде», – дейді маман.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Многоэтажкам Аркалыка продолжают придавать единый архитектурный стиль

Работы по благоустройству фасадов продолжаются третий год. (далее…)

4 дня ago

“Больше не город призрак?”: Аркалык наращивает темпы развития

В преддверии 70-летия Аркалыка в городе реализуются крупные проекты в социальной, инфраструктурной, культурной и экономической…

3 недели ago

Госэнергонадзор проверил ход масштабных ремонтов в Аркалыке

Территориальный департамент государственного энергетического надзора и контроля по Костанайской области ведет постоянный мониторинг того, как…

3 недели ago

Наружные стены домов по улице Каирбекова преобразятся в Аркалыке

Пять многоквартирных домов этим летом приведут к единому архитектурному стилю (далее…)

3 недели ago

В селах Аркалыка планируют обустроить скотомогильники

Строительство новых объектов запланировано августе-сентябре 2026 года (далее…)

3 недели ago

В пяти селах Аркалыка появятся модульные ветеринарные пункты

Лот на приобретение блочно-модульного ветеринарного пункта с расколом в селах Жалгызтал, Ашутасты, Коктау, Родина и…

3 недели ago

This website uses cookies.