Биыл Арқалық қаласының құрылғанына 70 жыл толуына орай облыс бюджеті қайта қаралып, қомақты қаржы шаһарды жаңғыртуға бағытталды.

Бұл мәселе облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралды. Жиынға қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов Арқалыққа ерекше көңіл бөлінудің себебін ашық айтты.

– Арқалыққа барып көргендердің бәрі жағдайды жақсы біледі. Өкінішке қарай, басқа қалаларымызбен салыстыру қиын. Инфрақұрылым сапасы жағынан қала артта қалып қойған. Бұл – біздің облыстың бір бөлшегі. Сондықтан Арқалық қолдау көруге лайық, көптен бері лайық, – деді өңір басшысы.

Бюджетті нақтылау нәтижесінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 5,1 млрд теңге бағытталмақ. Бұл қаражат су және жылу желілерін жөндеуге, инфрақұрылымдық жобаларды аяқтауға жұмсалады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 2,3 млрд теңге бөлініп, жолдарды жөндеу, теміржол стансаларын жаңарту және маршруттық көліктерді ұйымдастыру жоспарланып отыр. Құрылыс саласына 2 млрд теңге қарастырылған.

Арқалықтың өзіне келсек, көпқабатты үйлердің қасбеттерін қаптауға 1,3 млрд теңге, абаттандыру жұмыстарына 592 млн теңге бөлінеді. Көше жолдарын жөндеу де назардан тыс қалмайды.

–Басқа қалаларда аулаларға, қасбеттерге, тротуарларға жыл сайын қаржы бөлінеді. Ал Арқалықта бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізілмеген. Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту туралы тапсырмасы бар. Оны өзіміз орындауымыз керек, – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ «Жігер» стадионын жөндеуге, жабық хоккей кортының құрылысын аяқтауға, Мәдениет сарайы мен «Жас көрермен» театрына, филармония жанынан «Шертер» ансамблін ашуға қаражат қарастырылған.

Облыс әкімі барлық негізгі жұмыстарды шілде айының соңы мен тамыз айының басына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.

–Мерейтой кезінде Арқалық мүлдем басқа кейіпке енеді. Бүгін қолдап отырған қаржының нақты нәтижесін өздеріңіз келіп көресіздер», – деді өңір басшысы.

Осылайша, 70 жылдық мерейтой қарсаңында Арқалық жаңарып, өңірдегі ең ауқымды жаңғыру жобаларының біріне айналмақ.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Редактор

Recent Posts

Масштабные проекты формируют новый облик Аркалыка и превращают его в ключевой транспортный узел страны

Аркалык – город с богатой историей и непростой судьбой, переживает новый этап развития. (далее…)

1 неделя ago

В Аркалыке состоялась масштабная акция по посадке деревьев

Субботник и акция прошла в рамках республиканской программы Таза Қазақстан. В экологическом мероприятии приняли участие…

2 недели ago

Тротуары, перила и озеленение: в Аркалыке за два месяца обновят четыре центральные улицы

На обновление пешеходных зон улиц Маясова, Горбачева, Демченко и Ш. Жанибека выделено более 200 миллионов…

2 недели ago

Арқалық солтүстік пен оңтүстікті байлайтын логистикалық орталыққа айналады

Қостанай облысында көлік-логистика саласын дамыту бағытында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. (далее…)

2 недели ago

Этим летом состоится открытие аэропорта в городе Аркалык

В Аркалыке состоялось ознакомление с ходом реконструкции аэропорта - одного из самых ожидаемых инфраструктурных проектов…

2 недели ago

This website uses cookies.