–Комиссияның шешімі үміткердің Business.enbek.kz порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда үміткер салық органдарында өз қызметін тіркейді, банктік деректемелерді ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады. Мұның бәрі еңбек мобильділігі орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады, – дейді комиссия мүшесі Гүлжанат Тазыбекова.
Ұлттық жоба шеңберінде грант алуға үміткерлер түрлі жоба ұсынды. Олар ауылды жерлерге қажетті деген жақсы идеялар. Мысалы, қосымша оқу кабинетін, балалар демалыс аймағын ашу, сүт және кондитерлік өнімдерді өндіруді қолға алғысы келетіндер бар. Комиссия грант алуға үміткерлердің өтінімдері мен ұсынылған құжаттарын қарап, ұсынылған 4 жобаның ішінен екеуін таңдап алды. Олар: Айдын Хамзин мен Орынгүл Жұмағазина. Оларға мемлекеттік грант беру туралы шешім қабылданды. Екеуінің де жобалары комиссия мүшелерінің көңілінен шықты.
Айдын Хамзин екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат. Бірақ соған қарамастан қолға алған ісін жүзеге асырғысы келеді. Ал Орынгүл Жұмағазина көпбалалы ана. Қожа ауылынан кондитерлік өнімдер шығаратын цех ашқысы келеді.
–Бүгін төрт бизнес жобаны қарадық. Соның ішінде екі жоба өте жақсы екен. Бірі балалардың білімін арттыруға арналған орталық ашу болса, екіншісі ауылдық жерде тәттілер пісіретін кондитерлік цех ашу. Екеуі де ауылдық жерге қажетті бастама. Мұндай жобаларға қолдауға болады, – дейді Гүлжанат Тазыбекова.
Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды тиісті критерийлер бойынша бағалайды. Олар бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру жағына көп көңіл бөледі.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша оң шешім алған азаматтар «Жұмыспен қамту орталығы мен электронды түрде келісім шартқа (ЭЦҚ арқылы) қол қойылады. Қол қойылған сәттен бастап жыл көлемінде қаржының мақсатты игерілуі, жобаның іске асырылуы туралы тоқсан сайын есептіліктерді «Электронды еңбек биржасы» порталындағы жеке кабинеті арқылы тапсырып отырады. Жұмыспен қамту орталығы қаржының мақсатты жұмсалуына мониторинг жұргізіп отырады. Мақсатсыз жұмсалған грант иегерлері қаржыны кері қайтарады. Мұның бәрі халықты жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.
Ай Әбділда
Қазіргі таңда перзентхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде. (далее…)
Қостанай облысының әкімі Арқалық қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, өңірдегі инфрақұрылымдық жобалардың барысымен…
Арқалықтан Ұлытау ауданына дейінгі аралықта салынып жатқан жаңа күре жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. (далее…)
Арқалық қаласында әйгілі «Ұлы дала жорығы» атты халықаралық ат марафоны өз мәресіне жетті. (далее…)
Арқалық қаласында ұзақ жылдар бойы бос тұрған қалалық мәдениет сарайы күрделі жөндеуден өтіп, қайтадан пайдалануға…
Арқалық қаласында өзін қалыңдық ретінде таныстырып, болашақ жарымен және оның туыстарымен бірге тұрып, бірнеше несие…
This website uses cookies.