Қостанайда өткен «Тобыл толқыны – 2025» қалалық командалық ашық байқауында Арқалық қаласының «Арқа сазы» ұлт-аспаптар ансамблі бас жүлдені жеңіп алды.
Ұлттық рух пен өнерді тоғыстырған шығармашылық дода Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет үйінде өтті. Байқау соңында дәстүрлі гала-концерт ұйымдастырылып, жеңімпаздарға марапаттар табыс етілді.
Бас жүлде иегері атанған «Арқа сазы» ансамбліне 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификат табыс етілді. Бұл – өнер ұжымының аталмыш фестивальден үшінші мәрте бас жүлде алуы. Демек, олардың кәсіби деңгейі мен орындаушылық шеберлігі жыл сайын артып келеді деген сөз.
Ансамбль жетекшісі Әділ Аханов ұжым жетістігінің сыры табандылық пен үздіксіз дайындықта екенін атап өтті:
– Біз бұл байқауға жыл сайын қатысамыз. Биыл да бірінші орынды иеленіп, зор қуанышқа кенелдік. Байқаудың деңгейі жылдан жылға жоғарылап келеді. Бұрын жеке номинациялар болса, биыл командалық сайыс түрінде өтті. Қатысушылар балдық жүйемен бағаланды. Бұл әдіс бәрімізге ұнады. Осындай байқаулар – тек жарыс емес, тәжірибе алмасу мен шабыт алаңы. Халық өнерін насихаттаған мұндай шаралар өте қажет, – дейді ол.
Құрамында 14 кәсіби музыкант бар ансамбльдің аспаптық құрамы толық. Домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер, баян секілді ұлттық аспаптардың үні бір арнаға тоғысып, ерекше үйлесім тапқан.
Фестивальде ұжым арнайы жаңа бағдарлама дайындап, халық күйі «Жайма қоңырды», заманауи «Ғасырлар тоғысында» туындысын және композитор Қалибек Деріпсалдиннің әнін орындады. Көрермен мен қазылар алқасы олардың кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді.
«Арқа сазы» ансамблінің жетістігі – Арқалық өнерпаздарының еңбегі мен бірлігінің нәтижесі. Бұл жеңіс – қала мәдениетінің мерейін өсіріп, өңір өнерінің өрісін кеңейткен тағы бір жарқын сәт болды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
После заключения договора у него будет еще 30 календарных дней на выполнение работ — таким…
В здании специализированной пожарной части №4 проведут текущий ремонт (далее…)
Ұшақ билеттерінің бағасы белгілі болды. (далее…)
На оставшиеся работы выделили более 51 млн тенге. Подрядчику предстоит закончить системы вентиляции, пожарной безопасности…
С 4 по 9 августа Аркалык на несколько дней стал главной спортивной столицей области В…
О том как идет подготовка к новому отопительному сезону и в частности именно в Аркалыке…
This website uses cookies.