Арқалықта ет тапшылығына қатысты жағдай түсіндірілді

Әлеуметтік желілерде Арқалық қаласы тұрғындарының ет тапшылығы мен мал сою ісін ұйымдастырудағы қиындықтар туралы видеосы тарады

Мәселен, қасапшылардың айтуынша, малды арнайы ет комбинатына апарып, сойдыру қажеттілігі өнімнің өзіндік құнын арттырады.

Қала тұрғыны Гүлнұр Сейдахметованың айтуынша, соңғы аптада базар сөрелерінен сиыр еті мүлде жоғалып кеткен.

– Бұрын күн сайын ет сатып алатынбыз. Ал қазір кей дүкендерде мүлде жоқ, ал бар жерлерде бағасы қымбаттап кетті. «Қайда кетті?» деп сұрасаң, комбинатқа апарып соямыз, құжат керек дейді, – дейді тұрғын.

Бұл жағдайға қатысты қала әкімдігі түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта уәкілетті орган ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы ветеринариялық ілеспе құжаттарды рәсімдеу және беру ережелерінің сақталуын бақылап жатыр.

– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ветеринариялық анықтамалар тек ресми мал сою жағдайларында ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай жұмыс істейтін сою пункттері мен алаңдарында ғана рәсімделеді, – делінген әкімдік хабарламасында.

Қазіргі таңда базарлар мен сауда орындарында сатылатын мал етін сою жұмыстары «Торғай Ет» ЖШС ет комбинатының сою алаңында жүргізіледі. Мұнда ветеринариялық-санитарлық бақылаудың толық циклі қамтамасыз етіледі, сондай-ақ ілеспе құжаттар рәсімделіп, ет уақытша сақтауға алынады.

Әкімдіктің мәліметінше, қызмет бағасы келесідей: ұсақ мал – 5 622 теңге, ірі қара – 20 873 теңге, жылқы – 30 900 теңге.

Сондай-ақ етті сақтау үшін тоңазытқыш камера ұсынылады. Оның құны – 1 тоннаға айына 110 000 теңге.

Қазір «Тугамбаева-Р» жеке кәсіпкердің сою алаңындағы бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Нысанды 2025 жылдың қараша айының ортасында қайта іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, өңірде қосымша үш мал сою пунктін салу мәселесі қарастырылуда.

Ал қазіргі етпен қамтамасыз ету мақсатында Қостанай қаласындағы «Тобыл» ӘКК арқылы Арқалыққа «Қарасу Ет» ЖШС-нен 300 келі сиыр еті жеткізілді. Бағасы – нарықтағы құнынан төмен.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ, фото “Наш Қостанай” газетінің архивінен

Редактор

Recent Posts

В Аркалыке ищут подрядчика для ремонта дорог, но работы могут затянуться до холодов

После заключения договора у него будет еще 30 календарных дней на выполнение работ — таким…

3 дня ago

На ремонт пожарной части в Аркалыке планируют потратить почти 75 млн тенге

В здании специализированной пожарной части №4 проведут текущий ремонт (далее…)

4 дня ago

В Аркалыке завершат капитальный ремонт городского Дворца культуры

На оставшиеся работы выделили более 51 млн тенге. Подрядчику предстоит закончить системы вентиляции, пожарной безопасности…

2 недели ago

XXXIX Спартакиада Костанайской области собрала более полутора тысяч спортсменов со всего региона

С 4 по 9 августа Аркалык на несколько дней стал главной спортивной столицей области В…

3 недели ago

Более 346 миллионов тенге выделили на ремонт паровых котлов №5 и №6 в городе Аркалыке

О том как идет подготовка к новому отопительному сезону и в частности именно в Аркалыке…

3 недели ago

This website uses cookies.