Арқалық қаласында екі жаңа әлеуметтік нысанның ашылуы өтті. Спорттық интернаттың жатақханасы мен күреске арналған арнайы зал пайдалануға берілді.
Интернат 120 тәрбиеленушіге арналған болса, жаңа спорт залы бір ауысымда 48 спортшыны қабылдай алады. Мұнда бокс, дзюдо және қазақша күрес секілді спорт түрлерімен айналысуға барлық мүмкіндік жасалған. Айта кетсек, бұл облыстағы осындай деңгейдегі алғашқы спорттық интернат.
Сонымен қатар, биыл жаздан бастап қалада 30 жыл бойы бос тұрған бұрынғы ауыл шаруашылығы басқармасының ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Реконструкция аяқталған соң ғимарат Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің балансына берілмек. Бұл өз кезегінде оқу орнының студенттер санын 5000-ға дейін арттыруға, сондай-ақ IT, экономика және аграрлық ғылымдар бағыттарын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Арқалықта көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 1992 жылдан бері жұмыс істемей тұрған әуежайдың ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Ескі апатты ғимарат толықтай сүріліп, жаңа терминалдың іргетасы қаланды.
Құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталып, әуежай іске қосылғаннан кейін Арқалықтан тікелей Астана, Қостанай және Алматы қалаларына әуе қатынасы қайта орнайды деп күтілуде.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ, Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев
Здание ждет реконструкция. (далее…)
Оған 6697 әскери бөлімінің сарбаздары жұмылдырылды. (далее…)
Биыл Арқалық қаласының құрылғанына 70 жыл толуына орай облыс бюджеті қайта қаралып, қомақты қаржы шаһарды…
Проект оценивается в 471 137 043 тенге. (далее…)
В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)
This website uses cookies.