18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
Арқалықта Ш.Жәнібек көшесі №51 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үй толық жөндеуден өтіп, жаңа пәтер иелеріне кілттер табыс етілді. Қоныстойына қатысқан қала әкімі Әмірхан Асанов тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, елдегі баспанамен қамту мәселесіне ерекше тоқталды.
– «Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді әрдайым назарында ұстап келеді. Осы бағытта іске асырылып жатқан «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жыл сайын мыңдаған жаңа үйлер салынып, талай отбасына қуаныш сыйланды», – деді Арқалық қаласының әкімі.
Арқалық қаласында да бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 2025 жылы Байтұрсынов көшесі №13 мекенжайындағы 48 пәтерлі тұрғын үй қайта жөндеуден өткізілген болса, биыл осы көшедегі №12 үйдегі 55 пәтер әлеуметтік осал топтағы отбасыларға табысталған еді. Енді міне, Ш. Жәнібек көшесіндегі №51 үй де ел игілігіне беріліп отыр.
Үйді қайта қалпына келтірген мердігер компания басшысы Темірлан Қайратұлына алғыс айтылды. Пәтер иелерінің атынан Гүлбану Оспанова ризашылығын білдіріп, ел ағалары игі тілегін арнады.
«Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы ретінде 2 бөлмелі пәтерге ие болдық. Қуанышымызда шек жоқ. Осал топтарға қамқорлық танытып, баспанамен қамтамасыз етіп отырған азаматтарға алғысымыз шексіз», – дейді Айна Темірханова.
Жаңа көппәтерлі үй 281 миллион 967 мың теңгеге сатып алынған. Заманауи талапқа сай ғимаратта 2 бөлмелі – 12 пәтер, 3 бөлмелі – 6 пәтер бар.
«Қаладағы тұрғын үй қорын қалпына келтіру жұмыстары жалғасады. Қазіргі таңда жөндеуді қажет ететін бір-екі нысан ғана қалды, оларды да қолға алып жатырмыз», – дейді қалалық «Тұрғын үй құрылыс, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің басшысы Абылай Олжабайұлы.
Еске сала кетсек, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғын үй кезегіне қою мәселесі «Отбасы банкінің» құзыретіне берілді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
После заключения договора у него будет еще 30 календарных дней на выполнение работ — таким…
В здании специализированной пожарной части №4 проведут текущий ремонт (далее…)
Ұшақ билеттерінің бағасы белгілі болды. (далее…)
На оставшиеся работы выделили более 51 млн тенге. Подрядчику предстоит закончить системы вентиляции, пожарной безопасности…
С 4 по 9 августа Аркалык на несколько дней стал главной спортивной столицей области В…
О том как идет подготовка к новому отопительному сезону и в частности именно в Аркалыке…
This website uses cookies.