Арқалықтан Ұлытау ауданына дейінгі аралықта салынып жатқан жаңа күре жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Қазіргі таңда құрылысшылар 83 шақырым жолдың жұмыстарын аяқтауға таяу. Жоба толығымен биыл аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Жаңа жол салынғаннан кейін еліміздің орталығы мен батыс аймағы арасындағы көлік қатынасы 500 шақырымға қысқарады. Бұл – логистика мен өңірлік байланыс үшін аса маңызды жаңалық.
– Арқалық пен Ұлытау арасындағы жол – көп жылдан бері шешілмей келе жатқан өзекті мәселе еді. Бұрын бұл бағытта “көтерме жол” деп аталатын, бірақ шын мәнінде асфальтсыз, жай ғана тегістелген топырақ жол ғана болатын. Кеңес дәуірінен бері сол күйі өзгермеген жолда көліктердің жүруі қиын еді. Сол себепті бұл бағытта қозғалыс мүлде азайған болатын, – дейді сала мамандары.
Жол құрылысы аяқталған соң бұл бағыттағы жүк және жолаушы тасымалы айтарлықтай жанданады, мыңдаған көлік қатынайтын болады. Бұл – Ұлытау өңірінің экономикалық дамуына да серпін беретін маңызды инфрақұрылымдық қадам.
Қазіргі уақытта жолдың 4 шақырымында төменгі қабат, ал 18 шақырымында жоғарғы қабат төселуі ғана қалған. Қалған жұмыстар ауа райы қолайлы болса, қыс түспей тұрып толық аяқталады деп күтілуде.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Биыл Арқалық қаласының құрылғанына 70 жыл толуына орай облыс бюджеті қайта қаралып, қомақты қаржы шаһарды…
Проект оценивается в 471 137 043 тенге. (далее…)
В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)
На данный момент здание вокзала ремонтируется (далее…)
Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…
Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…
This website uses cookies.