Арқалықта «Ұлы дала жорығы» марафоны өз мәресіне жетті

Арқалық қаласында әйгілі «Ұлы дала жорығы» атты халықаралық ат марафоны өз мәресіне жетті.

Бұл ерекше жарыс биыл қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының өкілі Міржақып Дулатовтың 140 жылдық мерейтойына арналды.
Ат жарысын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қостанай облысының әкімдігі және AMANAT партиясының қолдауымен «JORYQ» ат спорты федерациясы ұйымдастырды.
Салтанатты марапаттау рәсіміне AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Премьер-Министрдің кеңесшісі, «JORYQ» федерациясы Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ералы Тоғжанов, сондай-ақ федерация президенті Бақытжан Тұрлыбеков және басқа да мәртебелі қонақтар қатысты.
«Ұлы дала жорығы» марафоны үш жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен басталған болатын. Қысқа уақыт ішінде бұл байқау әлемге танымал халықаралық додаға айналды. Президентіміздің ұлттық спортқа, ұлттық болмысымыздың бір бөлігіне айналған мұраға деген қамқорлығының нәтижесі», – деп атап өтті Дәулет Кәрібек.
Сонымен қатар, ол AMANAT партиясы ұлттық спорт түрлеріне, әсіресе жылқы шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын жеткізді. Айта кетейік, өткен жылы Президенттің бастамасымен отандық жылқы тұқымдарын сақтау және көбейту туралы арнайы заң қабылданған болатын.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов марафонның тек спорттық дода емес, сонымен қатар ұлттық рухты жаңғыртатын маңызды мәдени оқиға екенін айтты.
«Бұл жарыс – батыр бабаларымыздың ізімен жүріп өтетін, тарихи жадымызды жаңғыртатын үлкен тағылым мектебі. Арқалық қаласының мәреге айналуы – Міржақып Дулатовтың рухына тағзым, ұрпаққа үлгі. Келер жылы Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Келесі марафонды осы айтулы датаға арнауды жоспарлап отырмыз», – деді облыс әкімі.
Биылғы марафонға Қазақстанның барлық өңірлерінен және Қырғызстан мен Ресейден келген 19 команда қатысты. Бес күнге созылған жарыс нәтижесінде 1-орын – Қырғызстан құрамасы (26 сағат 41 минут 47 секунд), 2-орын – Ақтөбе облысы командасы (27 сағат 21 минут), 3-орын – Қостанай облысының бірінші командасы (27 сағат 32 минут 14 секунд).
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Редактор

Recent Posts

Семья из Аркалыка стала лауреатом конкурса «Мерейлі отбасы» и получила 2 млн тенге

В Астане наградили победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026». (далее…)

2 недели ago

Арқалықтағы оңалту орталығы Жангелдин балаларына да қызмет көрсетеді

Арқалық өңірлік ауруханасында балаларға арналған «Қамқорлық» медициналық оңалту бөлімі ашылды. (далее…)

1 месяц ago

«Караван правовой помощи» продолжает выезды по Костанайской области

Очередной выезд «Каравана правовой помощи» состоялся в город Аркалык, Джангельдинский и Амангельдинский районы. Специалисты несколько…

1 месяц ago

К зиме готовы: в Аркалыке проверили ремонт ТЭЦ и теплосетей накануне отопительного сезона

В Аркалыке прошла масштабная инспекция объектов тепло- и водоснабжения. (далее…)

2 месяца ago

ДКРЕМ проверил исполнение инвестпрограмм и бюджетных трат ГКП «Аркалыкская ТЭК»

ДКРЕМ проверил исполнение инвестпрограмм и бюджетных трат ГКП «Аркалыкская ТЭК». (далее…)

2 месяца ago

Арқалық-Қостанай рейсінің кестесі өзгеруі мүмкін

Тұрғындар аптасына екі рет қатынайтын әуе рейстерінің бірін демалыс күніне ауыстыруды сұрады (далее…)

2 месяца ago

This website uses cookies.