«Жезқазған – Арқалық – Петропавлов» автожолының Арқалық бағытындағы учаскесі жаңартылды

Қостанай облысында республикалық маңызы бар А-16 «Жезқазған – Арқалық – Петропавлов» автожолының 252–339 шақырымдар аралығындағы учаскесі толықтай орташа жөндеуден өтті.

Аталған жол бөлігі Арқалық қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін созылып жатыр. Жалпы ұзындығы – 71 шақырым.
Көп жылдан бері көлік қозғалысының үлкен жүктемесін көтеріп келген бұл бағыттың жаңартылуы өңір тұрғындары үшін маңызды инфрақұрылымдық жоба болып отыр.

Жөндеу жұмыстары бірнеше мердігер ұйымның қатысуымен жүзеге асырылды. Атап айтқанда, «Алюминострой», «Омар-Транс», «АвтодорсервисНС» компаниялары құрылыс жұмыстарын атқарды. Ал техникалық қадағалауды «Жаңа Консалтинг ЛТД» және «D&J EMPORIO» мекемелері жүргізді.

Мамандардың айтуынша, жолдың бұл бөлігі өткен ғасырдың 80-жылдары салынған және тозу деңгейі жоғары болған. Осыған байланысты жөндеу барысында кешенді техникалық шаралар қолға алынды. Жол жамылғысы ресайклирлеу әдісімен қайта өңделіп, қалыңдығы 6 сантиметр асфальтбетон қабаты төселді, жол жиегі бекітіліп, жаңа жол таңбалары сызылды. Бұл жұмыстар жол сапасын арттырып, оның қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік берді.

Жобаны жүзеге асыруға 192 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 258 маман жұмылдырылды. Мұндай ауқымды ресурстардың тартылуы жұмыстың белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етті.

– Бұл жол бөлігінің жаңартылуы көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, Арқалық қаласы мен көршілес елді мекендер арасындағы байланысты күшейтеді. Сонымен қатар жүк және жолаушылар тасымалының тиімділігі де едәуір жақсарады, – деді «Қазавтожол» АҚ Қостанай облыстық филиалының сапалық бақылау және қабылдау бөлімінің басшысы Вячеслав Иноземцев.

Жаңартылған автожол өңір экономикасының дамуына, әлеуметтік және логистикалық байланыстардың нығаюына оң әсер етеді деп күтілуде. Барлық жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сәйкес толық көлемде аяқталды.

Жолдың пайдалануға берілуіне арналған салтанатты шара барысында ел ақсақалы Қаратай Нұрманов атқарылған игі іске тұрғындар атынан алғысын білдіріп, ел мен елді жалғаған жолшыларға ақ батасын берді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Мұрат Жүнісұлы

Редактор

Recent Posts

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

21 час ago

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

5 дней ago

Қайта ашылатын Арқалық әуежайына мамандар тартылуда

Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)

3 недели ago

Арқалықта ер адам оншақты оқушы мен студентке діни заңсыз сабақ өткізген

Арқалық қаласында сот шешімімен таратылған қайырымдылық ұйымының ғимаратында заңсыз діни қызмет жүргізілгені анықталды. Бұл туралы…

3 недели ago

Торғай өзені: тексеру нәтижелері белгілі болды

Бұған дейін Қарғалы елді мекенінде Торғай өзенінде балықтардың жаппай қырылуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.…

3 недели ago

Арқалықта жылу желілері жаңартылуда

Арқалық қаласында жылу желілерінің тозу деңгейі екі есеге азайды. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.