Тамыры – Арқалықта, тұғыры – әлемдік аренада

Бүгінгі күні Қазақстан жастарының арасында шетелде білім алып, халықаралық деңгейде өз орнын тапқан азаматтар қатары артып келеді.

Солардың бірі – Арқалықта дүниеге келген, Астанада білім алған, бүгінде шетелде табысты еңбек етіп жүрген жас маман. Ол ел ішінде қалыптасқан, бірақ жаһандық деңгейде мойындалып келе жатқан кәсіби кадрлардың жаңа буынының жарқын өкілі.
Ол 1990-жылдардың соңында Арқалық қаласында қарапайым отбасында дүниеге келді. Мектеп қабырғасында-ақ білімге деген құштарлығымен ерекшеленіп, техникалық пәндерге ерте қызығушылық танытты. Жас жеткіншекке ұстаздары үлкен үміт артты, ал ол сол сенімді ақтап, үздік оқушылар қатарынан көрінді.

Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинап, еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының біріне Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне (ҚазАТУ) биотехнология мамандығы бойынша оқуға түседі. Студенттік жылдары ол ғылыми-зерттеу жобаларға белсене қатысып, зертханалық тәжірибелерде ерекше ұқыптылығымен және табандылығымен көзге түсті.

Университет қабырғасында жүргенде бірнеше рет мемлекеттік стипендия иегері атанып, халықаралық конференцияларға қатысты. Қазақ күресінен университет чемпионы болып, спорт пен ғылымды қатар алып жүрген жан-жақты тұлға екенін дәлелдеді.

Білім мен тәжірибені ұштастыру мақсатында ол алдымен Қазақстандағы өндірістік биотехнология саласында жұмыс істеп, өзін кәсіби тұрғыда шыңдайды. Кейін халықаралық тағылымдама және ғылыми бағдарлама аясында шетелге жолдама алып, зертханалар мен өндірістік орталықтарда тәжірибе жинайды.

Ол биотехнологиялық компаниялардың бірінде жауапты қызмет атқарды. Оның күнделікті жұмысы – нақты ғылыми шешімдер қабылдау, өндіріс пен зертханалық зерттеулер арасындағы процестерді үйлестіру, өнім сапасын бақылау және жаңа технологияларды енгізу.
Ол тек өзінің кәсіби жолын қалыптастырған маман емес, сонымен қатар қазақ жастарының жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеген азамат.

«Алған білім мен тәрбиенің арқасында мен әлемдік деңгейдегі жобаларға араласуға мүмкіндік алдым. Ең бастысы – тәртіп, табандылық және кәсібіңе деген адалдық. Бұл қағидалар табысқа жетелейді», – дейді ол.

Арқалықта туып, Астанада оқып, еңбек етіп жүрген бұл жас маман – еліміздің білім жүйесінің әлеуетін көрсететін жарқын мысал. Оның кәсіби жолы – мыңдаған жасқа үлгі боларлық еңбек, табандылық пен ұмтылыстың көрінісі. Ол сияқты жастар көбейсе, Қазақстанның болашағы сенімді қолда екеніне күмән жоқ.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ, суреттер кейіпкердің жеке архивінен алынды

Редактор

Recent Posts

Эстония Президенті Арқалықтағы білім ордасына тарту етілген ерекше сыйды сөз етті

Астана Операда өткен ресми концертте Эстония Президенті Алар Карис екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың маңызын…

1 неделя ago

Арқалықта жылу желілерінің 1,6 шақырымы жаңартылмақ

Қостанай облысындағы жылу желілерін реконструкциялауды аяқтауға үкімет резервінен шамамен 2,2 млрд теңге бөлінді (далее…)

1 неделя ago

В Аркалыке реализуются 5 крупных инвестиционных проектов

Общая стоимостью проектов составила 31 млрд тенге (далее…)

2 недели ago

Арқалықта футбол алаңы ашылды

Арқалық қаласына қарасты Фурманов тірек ауылында жаңа шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. (далее…)

2 недели ago

Арқалықта концерт залы қайта ашылды

Арқалық қаласында ұзақ жылдар бойы пайдаланылмаған Бақытжан Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің концерт залы күрделі…

3 недели ago

Арқалыққа апарар жол орташа жөндеуден өтті

Қостанай облысында республикалық маңыздағы KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автомобиль жолының 323–339 шақырым аралығындағы,…

4 недели ago

This website uses cookies.