Су тасқынынан зардап шеккен арқалықтық отбасы «Ақылды» үйге қоныс аударады

Арқалық қаласында 50 пәтерлі «ақылды» үй салынуда. Оның тұрғындары – су тасқыны салдарынан баспанасынан айрылғандар.

Тұрғын үйді BAZIS компаниялар тобы өз қаражатына тұрғызып жатыр және оның елордалық жайлылық санатындағы тұрғын үйлерден кем түспейтініне уәде береді.


«Биылғы жылғы су тасқынынан, өкінішке орай, Қазақстан халқының басым бөлігі зардап шекті. Табиғи апат халықтың басындағы баспанасын бар жиған дүниесімен бірге шайып кетті. Біздің де алты жыл бойы ақша жинап алған үйіміз су астында қалды. Былтыр ғана күрделі жөндеуді аяқтап едік. Ал қазір комиссия оны тұруға жарамсыз деп отыр. Қабырғалары да, төбесі де опырылып қалған. Бұлай боларын кім білген? Бұған ешкім де кінәлі емес, апат айтып келмейді. Бірақ үйімізге 40-50 см-ге дейін су толғанын көргенде, күйініштен жанымызды қоярға жер таппадық, – дейді Арқалық қаласының тұрғыны, алты баланың әкесі Иванов Денис Владимирович.

Жергілікті билік өкілдері көп балалы отбасына меншігіндегі жер учаскесіне жаңа үй тұрғызуға немесе дайын, жаңа пәтерге көшуге көмек көрсетілетінін айтып, бірнеше жолды нұсқады.


Ивановтар отбасы «Тұмар» символдық атауы бар «ақылды» үйдегі үш бөлмелі пәтерге көшуге ниет білдірді, енді олар қоныс тойын тойлайтын күндерді асыға күтуде.

«Тұмар» қазақ тілінен аударғанда – «Талисман» дегенді білдіреді. Бұл пәтер бізге тұмар болып, бақыт пен береке, сәттілік әкеледі деген сенімдеміз. Бізге толық жабдықталған пәтер беріледі, тек киім-кешегімізді алып келсек болғаны деп айтты. Осы қамқорлық пен көмек үшін билікке алғысымыз шексіз»,- деп ерлі-зайыпты Ивановалар ризашылықтарын білдірді.

Арқалық қаласында көпқабатты монолитті үйдің құрылысы мамыр айының ортасында басталған. Құрылыс салушы нысанды 4,5 айда пайдалануға беруге уәде беріп отыр.

Арқалықтағы су тасқынынан кейін барлығы 94 үй қауіпті деп танылды. Үкімет резервінен бөлінген қаржыға және кәсіпкерлер мен «Қазақстан халқы» қайырымдылық қорының көмегімен зардап шеккендерге қазірдің өзінде 68 пәтер сатып алынды. 418 жеке үйді қалпына келтіріледі.

Шуга КОНКАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Арқалықта ауызсу жүйесі жаңартылып жатыр

Арқалық қаласында су құбырлары жаңартылып жатыр. (далее…)

6 дней ago

Арқалықта жылу желілері жаңартылып жатыр

Арқалық қаласында жылу желілерін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жалғасуда. (далее…)

7 дней ago

Арқалық арқылы өтетін республикалық жолдар жөнделуде

Алдағы жылдары Арқалық арқылы өтетін жүк көліктерінің ағыны төрт есе артады деп күтілуде. (далее…)

1 неделя ago

Taj Tortgai, Кумкешу, Тұзды көл: молодые семьи посетили достопримечательности Костанайской области

Участники поездки побывали в Амангельдинском и Джангельдинском районах Программа была рассчитана на три дня. Южные…

2 недели ago

Жангелдин ауданына облыс орталығынан саяхатшылар құрамы келді

Ел арасында «Торғай тұрғанда, Дубайды қайтесің» деген керемет сөз жиі айтылып жүр. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.