Шекарашылар жаңа көліктермен толықты

Шекара шебін берік күзету – қасиетті қызмет

Ата-бабамыздың қанымен сызылған шекараға сызат түсірмеуге халық болып үлес қосу ісі дәстүрге айналған. Сосын да шығар шекараға жақын орналасқан облыс, аудан, ауылдарда «Шекараны ел болып күзетеміз» деген қағида бар.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен департамен басшысы полковник Арман Жұмахметовтің бірлескен “ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша Департаменті бөлімшелерін материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың бірлескен жоспарының” аясында атқарылған жұмыстардың қатары көп.

Солардың бірі – облыс әкімінің қолдауымен ойлы-қырлы жерлердің барлығын талғамай  жүре беретін алты дөңгелекті “Трэкол-вега” маркалы үш дана қарбатпақтажүретін машиналары (жалпы сомасы – 86 832 600 теңгені құрайды). Шекарадағы нарядты тиімді ұйымдастыру мақсатында  УАЗ 220695-4550-04 маркалы үш дана автокөліктері (жалпы сомасы – 18 300 000 теңгені құрайды). Шекара сақшыларының жауынгерлік-қызметті сапалы ұйымдастыруына көңіл бөлген әкімнің қамқорлығына шекарашылар дән риза. Келешекте де шекараны берік күзету ісіне облыстық әкімшілігімен бірге көптеген игі істер ұйымдастыру жоспарда тұр.

Бүгінгі күні облысымыздың әр тұрғынының бейбіт өмірін кірпік қақпастан күзетіп жүрген шекара сақшылары шекара шебін су жаңа көліктермен күзетіп жүр.

Манарбек Қарекенов,

ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департаменті, майор

Редактор

Recent Posts

Арқалықта қоныстойы тойланды

18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. (далее…)

4 дня ago

Арқалықта су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды

Оған 6697 әскери бөлімінің сарбаздары жұмылдырылды. (далее…)

2 недели ago

Арқалыққа басымдық

Биыл Арқалық қаласының құрылғанына 70 жыл толуына орай облыс бюджеті қайта қаралып, қомақты қаржы шаһарды…

1 месяц ago

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.