Гиперреализмді дамытқан арқалықтық мүсінші

Арқалық маңындағы Қайыңды ауылында тұратын 39 жастағы мүсінші Айдос Есмағамбетов – Қазақстандағы гиперреализм бағытында еңбек етіп жүрген бірегей өнер иесі.

Оның қолынан шыққан мүсіндер тірі адамнан аумайды. Бейне бір сөйлеп кететіндей әсер қалдырады.

Айдос – көпбалалы отбасынан шыққан. Әкесі Әсімғали мен анасы Сәуле де – суретші. Шығармашылық оған ата-анасынан дарыған. Мектепте пәндік сабақтардан гөрі сурет салуға бейімділігі байқалған. Кейін Арқалық қаласында көркем графика мамандығы бойынша білім алады.

«Ұстаздарым адамның анатомиясын сезіну қабілетімді ерекше атап өтетін. Портрет салуға бейімділігім күшті еді. Байқауларға қатысып жүрдім, жеңілмесем де, қайтпастан тырыса беретінмін», – дейді Айдос.

2009 жылдан бері Айдос гиперреализм өнерін зерттеп, өз жолын қалыптастырып келеді. Жасалатын мүсіндердің сапасы әлемдегі әйгілі “Мадам Тюссо” музейіндегі мүсіндерден кем түспейді.

«Бұл өнерге алғаш қадам басқанда, қажетті материалдар мен технологияларды өз бетімше зерттедім. Көптеген түндерді таңға дейін көз ілмей өткізген кездерім болды», – дейді мүсінші.

Айдос көптеген тарихи және заманауи тұлғалардың бейнесін жасап шыққан. Олардың қатарында: Абылай хан, Нұрсұлтан Назарбаев, Барак Обама, Алтын адам.

«Егер тарихи тұлғаның антропологиялық деректері табылса, мүсінін жасауға дайынмын. Қазіргі адамдардың мүсінін жасау жеңіл – фотосуреттер жеткілікті», – дейді ол.

Айдос тек тарихи немесе қоғамға танымал тұлғалардың бейнесін сомдайды. Жеке адамдардың, туыстарының мүсінін жасау туралы тапсырыстардан бас тартады.

«Табиғи шаш қолданбаймын. Себебі, адамның энергиясы шашта сақталады деп есептеймін. Шетелде табиғи шашты қолдану үйреншікті болса да, мен тек арнайы жасанды материалдармен жұмыс істеймін», – дейді ол.

Мүсін жасау барысында Айдос қымбат силикондар мен арнайы бояулар пайдаланады. Шаш үлгілері – жоғары сапалы париктерден дайындалады.

Айдостың айтуынша, бір мүсінді жасауға шамамен екі ай уақыт кетеді. Бұл – мыңдаған күндік еңбектің, жүздеген сағаттық ізденістің нәтижесі. Ол өнер жолында табысқа жету үшін қаражатты емес, шеберлікті алға қоятынын айтады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ, сурет ашық дереккөздерден алынды

Редактор

Recent Posts

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

2 дня ago

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

3 недели ago

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

4 недели ago

Қайта ашылатын Арқалық әуежайына мамандар тартылуда

Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.