2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Торғай өңіріне айрықша көңіл бөлу керек екенін қадап айтты.

Мемлекет басшысы айтқан межелі міндеттердің бірі – Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар басталып кетті. Бұл игі бастама өңірдің экономикалық белсенділігін арттырып, өзге де салалардың дамуына серпін бермек. Әуе қатынасы жанданса, тұрғындардың өзге аймақтарға қатынауы жеңілдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Торғай арқылы өтетін «Орталық – Батыс» күре жолының маңыздылығы туралы Президент бұған дейін Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда да айтып өткен болатын. Сол жолдың құрылысы бүгінде басталып кетті. 4 жылда толық салынып бітеді деп жоспарлануда. Сарапшылардың айтуынша, бұл тас жол Торғай өңірінің тамырына қан жүгіртетін күре арнаға айналады.

«Торғай аумағы халқын біріктіріп отырған осы Батыс пен Орталық тас жолы салынады деген хабарды естіп қуанып жүрміз. Адамның бойына күш-қуат беретін қан тамыр ғой. Сол сияқты мынау Торғай өңіріне күш беретін жаңа күре тамыр секілді деп ойлаймын», -дейді Арқалық қаласының тұрғыны Ақылбек Сапарғали

4 миллион гектарға жуық жерді алып жатқан киелі Торғай атырабы – кезінде 400 мың қой өрбіген, асты да, үсті де байлыққа толы өңір. Мұнда қара тұз, қоңыр көмір, мұнай, ыстық су секілді табиғи ресурстар бар. Бұл байлық игерілсе, өңірдің өркендеу күні алыс емес.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет ашық дереккөздерден алынды

Редактор

Recent Posts

Арқалықта су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды

Оған 6697 әскери бөлімінің сарбаздары жұмылдырылды. (далее…)

4 дня ago

Арқалыққа басымдық

Биыл Арқалық қаласының құрылғанына 70 жыл толуына орай облыс бюджеті қайта қаралып, қомақты қаржы шаһарды…

4 недели ago

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

1 месяц ago

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

2 месяца ago

This website uses cookies.