Арқалықта жайлы орта мен бұқаралық спортты дамыту жалғасуда

Арқалық қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Кезекті абаттандыру кезеңі елімізде жүзеге асырылып жатқан республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында іске асты.
Атап айтқанда, қала тұрғындары үшін жаңа спорттық алаңдар мен заманауи жаяу жүргінші фонтаны ашылды. Бұл жобалар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді мекендерде ыңғайлы қалалық орта қалыптастыру және әлеуметтік инфрақұрылымды нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда.

Абай даңғылының бойындағы №104, 106, 110 және №66, 68, 70 үйлердің аулаларында өлшемі 30×15 метрлік мини-футбол алаңдары орнатылып, әр алаңға 10-нан заманауи көше жаттығу құрылғылары қойылды. Әр жобаның құны – 17,4 миллион теңге.

Сонымен қатар, Маясова көшесі, 40-үйдің жанынан волейбол алаңы, ал «Демалыс» орталық саябағында тартан жабынымен жабдықталған теннис алаңы мен 12 кәсіби күш жаттығуларына арналған құрылғы орнатылды.

Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановтың айтуынша, бұл спорт нысандары 5000-нан астам тұрғынның спортпен айналысуына қолжетімді жағдай жасайды.


«Мұндай жобалар бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Бұл – тек спорт емес, бұл – өмір сапасын арттыру», – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, «Демалыс» саябағында жаяу жүргіншіге арналған, LED жарықтандырғыштармен жабдықталған, су биін жасайтын светодинамикалық субұрқақ орнатылды. Жобаның құны – 38 миллион теңге. Субұрқақ 90 шаршы метр аумақты алып жатыр, 32 саптамадан тұрады, 3 метрге дейін су ағынын береді, арнайы қорғаныс торымен жабдықталған.

Жергілікті тұрғындар да оң өзгерістерді жоғары бағалап отыр. Арқалықта 1980-жылдардан бері тұратын Анар Сәрсенбаева қаланың соңғы үш жылдағы қарқынды дамуына ерекше тоқталды.

«Бұрын балалар баратын орын таппайтын, ал қазір барлық жағдай жасалған. Жаңа мектеп, заманауи жаттығу құралдары, фонтандар, балалар алаңдары – бәрі бар. Қала көз алдымызда жаңарып жатыр. Енді болашаққа сеніммен қараймыз», – дейді көп балалы ана.

Жалпы, 2021–2024 жылдар аралығында Арқалық қаласында 484 миллион теңгеге 43 спорттық алаң орнатылды. Бұл жобалар тек спортпен шектелмейді, олар қала тұрғындарының мәдениетін, денсаулығын және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Алдағы жылы Арқалық қаласын дамыту үшін жергілікті бюджеттен 1,59 миллиард теңге бөлініп отыр. Негізгі басымдықтар — көпқабатты үйлердің шатырларын, қасбеттерін жөндеу, көгалдандыру және қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту. Барлық бастамалар Мемлекет басшысының өңірлердің тұрақты дамуы жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Арқалықта су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды

Оған 6697 әскери бөлімінің сарбаздары жұмылдырылды. (далее…)

4 дня ago

Арқалыққа басымдық

Биыл Арқалық қаласының құрылғанына 70 жыл толуына орай облыс бюджеті қайта қаралып, қомақты қаржы шаһарды…

4 недели ago

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

1 месяц ago

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

2 месяца ago

This website uses cookies.