Арқалық қаласында Республика күні қарсаңында тұрғындарға арналған жаңа балалар ойын және спорт алаңдары пайдалануға берілді.
Қайырбеков көшесіндегі №54, 56, 58 үйлердің ауласында заманауи балалар ойын және көше жаттығу алаңы ашылды. Бұл нысандарды «Алюминқұрылыс» ЖШС өз қаражаты есебінен, яғни 15 миллион теңгеге салып берді. Мақсат – балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау.
Сондай-ақ, Маясова көшесі №4 мекенжайында да балаларға арналған ойын және дене шынықтыруға арналған воркаут алаңы ел игілігіне ұсынылды. Аталған нысанды «Ибраева Г.А» жеке кәсіпкерлігі 7 миллион теңге қаражатына тұрғызған.
Жаңа алаңдардың ашылу рәсімінде қала әкімі Әмірхан Асанов демеушілерге ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар табыс етті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлт денсаулығын нығайту – маңызды міндет. Бұқаралық спортты дамыту мен балаларға арналған инфрақұрылымды барынша қолжетімді ету қажет. Сол арқылы біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз», – деген болатын. Осы бағытта соңғы бес жылда қаламыз бен оған қарасты ауылдарда мемлекет қаражаты мен демеушілердің қолдауымен 75 спорттық және 53 балалар ойын алаңы салынды, – деді қала басшысы.
Жаңа нысандардың ашылуы тұрғындар үшін үлкен қуаныш болды.
– Бұрын бұл аула қараусыз бос жатқан еді. Енді балаларымыздың ойнап, спортпен айналысуына тамаша жағдай жасалды. Осындай қамқорлыққа шын жүректен алғыс айтамыз, – дейді тұрғындар.
Шара барысында ұлттық дәстүрге сай шашу шашылып, мерекелік көңіл күй орнады. Арқалық жылдан жылға көркейіп, бұрын батпақ басқан аулаларда бүгінде заманауи инфрақұрылым бой көтеріп келеді. Балалар мен ересектердің өз үйлерінің маңында серуендеп, денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндігі артты.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Здесь скоро начнется строительство антенно-мачтового сооружения. (далее…)
Госзакупку объявляли четыре раза за две недели, но пока безуспешно. (далее…)
Такое требование поставили перед подрядчиком местные власти. (далее…)
На портале госзакупок появился лот на разработку проектно-сметной документации для медколледжа по адресу: ул. Ш.…
Возрождение воздушной гавани в Аркалыке выходит на финишную прямую. (далее…)
Все работы будет проводить местный подрядчик. (далее…)
This website uses cookies.