Арқалық қаласында өткен тойдан кейін 85 адам, оның ішінде 7 бала тамақтан уланып, медициналық көмекке жүгінді.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен шарадан соң тұрғындар дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, әлсіздік сияқты белгілерді сезіне бастаған.
Уланғандардың бір бөлігі Жангелдин аудандық ауруханасына, кейбірі Арқалық қалалық емханасына, ал ауыр жағдайдағы науқастар облыстық ауруханаларға жеткізілген.
Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдана Бүркітбаева жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Санитарлық авиация арқылы инфекционист, терапевт және педиатр мамандардан құралған арнайы топ жіберілді. Қазіргі таңда Жангелдин ауданында – 27, Арқалықта – 52, облыстық ауруханада – 6 науқас ем қабылдап жатыр. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, өмірлеріне қауіп жоқ», – деді ол.
Басқарма «ауруханаларда орын жетіспей жатыр» деген ақпаратты ресми түрде жалған деп мәлімдеді.
Қазір санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі уланудың нақты себебін анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр.
Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
В Астане наградили победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026». (далее…)
Арқалық өңірлік ауруханасында балаларға арналған «Қамқорлық» медициналық оңалту бөлімі ашылды. (далее…)
Очередной выезд «Каравана правовой помощи» состоялся в город Аркалык, Джангельдинский и Амангельдинский районы. Специалисты несколько…
В Аркалыке прошла масштабная инспекция объектов тепло- и водоснабжения. (далее…)
ДКРЕМ проверил исполнение инвестпрограмм и бюджетных трат ГКП «Аркалыкская ТЭК». (далее…)
Тұрғындар аптасына екі рет қатынайтын әуе рейстерінің бірін демалыс күніне ауыстыруды сұрады (далее…)
This website uses cookies.