Арқалық қаласында «Өркендей бер, туған өлкем» атты патриоттық акция өтті.

Оған екі жүзден астам студент қатысты. Жастар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан бастамаларын қолдайтындарын білдірді.

Президенттің тапсырмасымен қалада бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге аспақ. Атап айтқанда, Арқалық әуежайы қалпына келтіріліп, «Астана–Ырғыз» тас жолы салынады. Бұл жол Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне қосылады. Сондай-ақ, «Орталық–Батыс» автомагистралының құрылысы 2025 жылдың маусым айында басталады деп жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда қалада 30 мыңға жуық адам тұрады, оның үштен бірі – жастар. Олардың айтуынша, жаңа жобалар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, жұмыс орындарын көбейтпек.

«Павлодардан келдім. Арқалық ұнайды, осында қалғым келеді. Қала дамып жатыр, бұл қуантады», – деді Арқалық педагогикалық университетінің студенті Жазира Болатова.

«Бұл акция – Президентке деген алғысымыздың көрінісі. Жаңа жобалар жастарға үлкен мүмкіндік береді», – деді Жастар ресурстық орталығының директоры Данияр Қожахметов.

Арқалық тұрғындары Президенттің аймаққа деген ерекше назарын жоғары бағалап отыр.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

2 дня ago

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

3 недели ago

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

4 недели ago

Қайта ашылатын Арқалық әуежайына мамандар тартылуда

Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.