Арқалықта әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобалар қарқынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласына жасаған жұмыс сапарында қаладағы бірнеше маңызды құрылыс жобаларының басталуымен танысты.

Әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жұмыстарды дамыту бағытында бірқатар жобалар іске асырылмақ.
Сапар барысында Құмар Ақсақалов мектеп-интернаттың құрылысымен танысты. Бос тұрған ғимарат қайта қалпына келтіріліп, жаңа оқу орнына айналатын болады. Жоба құны 824,4 миллион теңге. Бұл жұмысты жергілікті «Дюссемстрой» ЖШС демеушілік көмек арқылы жүзеге асырады.
Сонымен қатар, «Дене тәрбиесі және спорт» саласын дамыту мақсатында жаңа мамандандырылған күрес залы салынады. Құрылыс жұмыстарының құны – 444,4 миллион теңге, мердігері – «Гранд Лидер Строй» ЖШС.

Бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры ғимараты спорт орталығына айналады. Жоба құны – 449 миллион теңге. Ал ауыл шаруашылығы басқармасының ғимараты жөнделіп, Арқалық педагогикалық институтының оқу корпусына айналады. Бұл жоба 1 миллиард 926 миллион 700 мың теңгеге бағаланған.
Қалалық мәдениет сарайына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны – 1 миллиард 217 миллион теңге, мердігері – «RAKADA GROUP» ЖШС.

Құмар Ақсақалов Арқалықтың инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарын атап өтіп, жылумен жабдықтау мен сумен қамту жүйелеріндегі ақаулардың азайғанын айтты. Биыл қала тұрғындары жаңа асфальтталған жолмен Астанаға қатынайтын болады. Сондай-ақ, Ұлытау облысына дейін 87 шақырым жол салынып, қала аумағында сапалы жолдардың саны артады.

Арқалықтың көлік-логистикалық орталыққа айналуына байланысты әуеқозғалысын дамыту да жоспарлануда. Құмар Ақсақалов Астана мен Қостанайдан ұшатын рейстердің кестесін қарастыру мәселесі пысықталып жатқанын айтты.

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Редактор

Recent Posts

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

1 день ago

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

3 недели ago

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

4 недели ago

Қайта ашылатын Арқалық әуежайына мамандар тартылуда

Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.