17 наурыз күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Аркалық педагогикалық институтына университет мәртебесін берді. Бұл шешім облыс үшін маңызды жаңалық болып табылады.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желіде жариялаған хабарламасында жаңа мәртебенің өңірдің білім саласын дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Ол бұл мақсатта министрлікпен бірге белсенді жұмыс істегенін және қажетті процедуралардың жүзеге асырылғанын мәлімдеді.
«Altynsarin University» деген атаумен жұмысын жалғастыратын оқу орнының жаңа мәртебесі оқу процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Университетте студенттер енді педагогикалық бағыттармен қатар, IT, журналистика, экономика, ауыл шаруашылығы сияқты маңызды салалар бойынша да білім ала алады. Сонымен қатар, магистратура мен болашақта докторантура бағдарламалары да енгізіледі.
Жаңа мәртебе оқу орнының ғылыми әлеуетін арттыруға, зерттеу жобаларын дамытуға, инновациялық технологиялар мен білім беру әдістемелерін енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, университет халықаралық деңгейде серіктестіктер орнатып, шетелдік оқу орындарымен тәжірибе алмасып, студенттер үшін академиялық ұтқырлықты арттыруға жол ашады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
В Астане наградили победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026». (далее…)
Арқалық өңірлік ауруханасында балаларға арналған «Қамқорлық» медициналық оңалту бөлімі ашылды. (далее…)
Очередной выезд «Каравана правовой помощи» состоялся в город Аркалык, Джангельдинский и Амангельдинский районы. Специалисты несколько…
В Аркалыке прошла масштабная инспекция объектов тепло- и водоснабжения. (далее…)
ДКРЕМ проверил исполнение инвестпрограмм и бюджетных трат ГКП «Аркалыкская ТЭК». (далее…)
Тұрғындар аптасына екі рет қатынайтын әуе рейстерінің бірін демалыс күніне ауыстыруды сұрады (далее…)
This website uses cookies.