Арқалықта ерекше балаларға жағдай жақсарды

Арқалықта 250-ден астам ерекше қажеттілігі бар бала тұрады.

Осыған орай қалада қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Әмірхан Асанов «Жас Ұлан» жасөспірімдер орталығында өткен салтанатты жиында айтты.

Әкімнің сөзінше, Арқалықта бүгінде 1682 мүгедектігі бар адам бар, оның 251-і – балалар. Қалада олардың өмірін жеңілдету үшін жыл сайын инфрақұрылым жаңартылып келеді: дыбыстық сигналдары бар бағдаршамдар орнатылып, ғимараттарға пандустар салынып, инватакси қызметі жолға қойылған. Сондай-ақ көтергіш құрылғылар мен арнайы техникалық құралдар сатып алынуда. 2014 жылдан бері 74 әлеуметтік нысан мүгедектерге бейімделіп, толық қолжетімділікке ие болды.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау да артып келеді. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар жаңа мамандықтарды меңгеріп, өз бизнесін ашуға гранттар алып жүр. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арнайы жұмыс орындары құрылып, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасалған.

Биыл облыстағы оңалту орталықтарында 77 адам ем қабылдаса, 219 азамат санаторийлерде сауықтырудан өтті. 147 адам протездік-ортопедиялық көмек алған. Сонымен қатар 191 тұрғын гигиеналық құралдармен, 35 адам мүгедектер арбасымен, 28 адам есту аппараттарымен, 53 адам тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді.

Арқалықта 38 бала үйден білім алады. Ал қаладағы «Жақсылық» оңалту орталығы күніне 20-ға жуық адамға қызмет көрсетіп, жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен ересектерге медициналық сақтандыру арқылы тегін ем алу мүмкіндігін ұсынады.

Шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, олардың дайындаған әсерлі концерттік бағдарламасы көпшіліктің көңілінен шықты.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Мұрат Жүнісұлы

Редактор

Recent Posts

Арқалыққа басымдық

Биыл Арқалық қаласының құрылғанына 70 жыл толуына орай облыс бюджеті қайта қаралып, қомақты қаржы шаһарды…

3 недели ago

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

4 недели ago

Территорию рядом с аркалыкским ж/д вокзалом планируют благоустроить

На данный момент  здание вокзала ремонтируется (далее…)

4 недели ago

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

2 месяца ago

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

2 месяца ago

This website uses cookies.