Арқалық қаласында үлкен өзгерістер басталады

Орталық – Батыс күрежолы құрылысы іске қосылып, Қазақстанның орталық өңірлері Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланысқа шығады.

Бұл жобаның жүзеге асуы аймақтың көлік жүйесін жаңартып, тұрғындардың өмір сапасын арттырады.

Көлік министрі Марат Қарабаев Қостанай облысында «Орталық – Батыс» автожолының құрылысына дайындық барысын тексерді. Жоба бойынша жобалық құжаттама әзірлеу жұмыстары басталып, құрылыс жақында қолға алынбақ.

«Орталық – Батыс» жолы Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы шалғай ауылдар мен аудандардың жол мәселесін шешеді. Қостанай облысындағы Арқалық, Амангелді мен Жангелдин аудандары, Ақмола облысының Егіндікөл мен Жарқайың аудандары, сондай-ақ Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы мен Астана арасындағы жолдар айтарлықтай жақсарады. Осылайша, жаңа жол бағыты Астанадан батысқа дейінгі қашықтықты 865 шақырымға дейін қысқартады. Бұл жобаның облыс тұрғындарына пайдасы көп, көлік қатынасы әлдеқайда жеңілдейтін болады.

Тағы бір қуанышты жаңалық – Арқалық қаласының әуежайы қалпына келтірілмек. Қазіргі уақытта жобалық құжаттама әзірленіп, әуежайдың құрылысына дайындық жұмыстары аяқталып қалды. Жаңа екі қабатты әуежай кешені салынады, ұшу-қону жолағы мен басқа да инфрақұрылымдар жөнделеді. Бұл жаңалық аңшылық туризмді дамытуға да үлкен серпін береді.

Әуежайдың жаңа кешенінің жалпы алаңы 3 200 м². Сағатына 70 жолаушыға қызмет көрсететін әуежайдың ұшу-қону жолағы 2,5 мың метрге дейін ұзартылып, такси жолы мен перрон да жөнделеді. Сонымен қатар, аэронавигациялық және метеорологиялық жабдықтар жаңартылады.

Қостанай, Астана және Алматыға субсидияланатын рейстер іске қосылады деп күтілуде. Бұл жаңа әуежай кешені аймақтың экономикалық дамуында маңызды рөл атқарып, аңшылық туризмнің өркендеуіне жол ашады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

1 день ago

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

3 недели ago

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

4 недели ago

Қайта ашылатын Арқалық әуежайына мамандар тартылуда

Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.