Арқалықта жыл қорытындысы бойынша үздік спортшылар марапатталды.
Қалада өткен республикалық, әлемдік және халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар мен жаттықтырушыларға зор құрмет көрсетілді.
– Биыл қалада бұқаралық спортты дамытуға зор көңіл бөліп отырмыз. Арқалықта қазіргі уақытта 16 мың адам спортпен белсенді түрде айналысады, бұл қала халқының 45,2%-ын құрайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға дейін халықтың 50%-ын спортпен қамту міндетін қойды, біз бұл бағытта қадам басып келеміз, – деді қала әкімі.
Өткен жылы Арқалықта жалпы көлемі 397 миллион теңгеге 36 спорт алаңы бой көтеріп, биыл тағы 1 миллиард 268 миллион теңгеге спорт мектеп-интернаты мен күрес залы салынатын болады. Бұған қоса, бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры күрделі жөндеуден өтіп, әйелдердің спорттық кешеніне айналмақ. Бұл қадамдар қаладағы спорт инфрақұрылымын жақсартып, жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды.
2024 жылы қалада 1 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 4 Қазақстан Республикасының спорт шебері және 47 спорт шеберлігіне үміткер шықты. Ал, еліміздің чемпионаттарынан 11 жеңімпаз, 29 жүлдегер анықталды. Арқалықтың мақтанышы – Антон Цуркан, Александр Шпилевой, Константин Карлышев, Геннадий Баковский, Жұлдыз Сатыбалдина, Гүлмайра Сагиданова, Фарида Қастай, Жаслан Бекболат сынды спортшылар әлем және Азия чемпионаттарынан, халықаралық жарыстардан медальдарды қоржынға салды.
«Қала басшылығына бізді елеуі мен марапаттағаны үшін алғысымызды айтамыз. Спорт адамға күш-қуат, денсаулық және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Жаңа жылымызда да табыстарымыз көбейіп, еліміздің спорт саласы одан әрі өркендей берсін», – дейді қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері, Халықаралық дәрежедегі төреші Алтынбек Болатов.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
В Астане наградили победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026». (далее…)
Арқалық өңірлік ауруханасында балаларға арналған «Қамқорлық» медициналық оңалту бөлімі ашылды. (далее…)
Очередной выезд «Каравана правовой помощи» состоялся в город Аркалык, Джангельдинский и Амангельдинский районы. Специалисты несколько…
В Аркалыке прошла масштабная инспекция объектов тепло- и водоснабжения. (далее…)
ДКРЕМ проверил исполнение инвестпрограмм и бюджетных трат ГКП «Аркалыкская ТЭК». (далее…)
Тұрғындар аптасына екі рет қатынайтын әуе рейстерінің бірін демалыс күніне ауыстыруды сұрады (далее…)
This website uses cookies.