Арқалық қаласы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығындарын төлеу кезінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.
Кейбір қызметкерлерге тиесілі қаражат толық төленбесе, басқа жағдайларда бюджет қаражаты артық аударылған. Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісі хабарлайды.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті Арқалық қаласы әкімдігінде іссапар шығындарын төлеу тәртібіне талдау жүргізген. Нәтижесінде төлемдерді есептеу барысында кем төлеу де, артық төлеу де болғаны анықталды.
Тексеру қорытындысына сәйкес, 41 жағдайда іссапар шығындары 440 мың теңгеден астам сомаға кем төленген. Сонымен қатар, 38 дерек бойынша шамамен 550 мың теңге көлемінде артық қаражат бюджеттен негізсіз аударылған. Бұдан бөлек, іссапар шығындарының 4 жағдайда уақытында төленбегені белгілі болды, бұл мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын тікелей бұзу болып саналады.
Департамент өкілдері іссапар шығындары мемлекеттік қызметшілер үшін заңмен кепілдендірілген әлеуметтік төлем екенін атап өтті. Төлемдердің толық әрі белгіленген мерзімде жүргізілуі міндетті. Кем төлем қызметкерлердің мүддесіне зиян келтірсе, артық төлем бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеп соғады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде барлық анықталған заңбұзушылықтар жойылды: қызметкерлерге төленбеген қаражат толық көлемде беріліп, артық аударылған қаржы бюджетке қайтарылды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Биыл Арқалық қаласының құрылғанына 70 жыл толуына орай облыс бюджеті қайта қаралып, қомақты қаржы шаһарды…
Проект оценивается в 471 137 043 тенге. (далее…)
В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)
На данный момент здание вокзала ремонтируется (далее…)
Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…
Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…
This website uses cookies.