Америкалық компания Арқалық маңындағы сирек кезедесетін металдарды зерттеуге қаражат бөледі

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы америкалық Cove Capital компаниясымен бірлесіп Арқалық қаласы маңындағы Ақбұлақ учаскесіне геологиялық барлау жұмысын жүргізбек. Қос тарап 8 сәуір күні келісім шартқа қол қойды.

«Самұрық-Қазына» АҚ және Cove Capital америкалық инвестициялық компаниясы Қазақстанда сирек және жерде сирек кездесетін металдарды іздеуге келісті. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов, Сove Capital құрылтайшысы және басқарушы серіктесі Пини Альтхаустың кездесуінде белгілі болды.

Қос компания атап айтқанда, Арқалық қаласы маңындағы Ақбұлақ учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге келіскен. Бұл үшін ТКС еншілес ұйымы «Қазгеология» АҚ және Cove Capital арасында бірлескен кәсіпорын құрылады. Cove Capital тауарлық-материалдық қорларды балансқа қоймас бұрын геологиялық барлау жұмыстарын толық қаржыландырады.

Бұған дейін «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ Ақбұлақ учаскесінде сирек және жерде сирек кездесетін металдардың, соның ішінде иттрий, лантан, церий, тулий, лютеций, сонымен қатар қалайы мен цирконийдің ірі кен орындары табылуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Учаскенің жалпы болжамды қоры 380 мың тоннаға бағаланады. Бұл ретте 2019 жылдан бері «Қазгеология» АҚ аталған кен орнын барлау үшін инвесторлар іздеумен келді.

Айта кетейік, Cove Capital инвестициялық компаниясы 2015 жылы құрылған. Биофармацевтика, жаңартылатын энергия көздері, экологиялық таза технологиялар және тау-кен өндірісіне инвестиция құяды. Қазақстанға қатысына келсек, KAZ Resources LLC (АҚШ) арқылы «KAZ Critical Minerals» ЖШС иелік етеді. Компанияның бас кеңсесі – АҚШ-та орналасқан.

Айта кету керек, «Қазгеология» ұлттық компаниясының «Тау-Кен Самұрық» АҚ еншілесі болып табылады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

20 часов ago

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

3 недели ago

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

4 недели ago

Қайта ашылатын Арқалық әуежайына мамандар тартылуда

Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.