Тәтті де сәтті кәсіп Алдағы уақытта Гүлбану тәтті тоқаштар мен торт пісіруді қолға алмақшы

Қожа ауылында тұратын Гүлбану Рахметова үш жыл бұрын мемлекеттен «Ауыл» бағдарламасы бойынша 585 мың теңге қайтарымсыз грант алып, кәсібін кеңейтіп отыр. Ол қаражатқа газ плитасы, қамыр илегіш, нан салатын қалыптар, таразы сатып алған.

Бала күнінен үй шаруасына пысық келіншек нан пісіруді сүйікті ісіне айналдырып үлгерген.

«Осылайша қолымнан келетін нан пісіру кәсібін бастап кеттім. Қазір, тіпті, көршілес елді мекендерден сұрап келушілер бар. 600 грамдық бір бөлкені қолжетімді бағаға сатып отырмыз. Түпкі мақсатым – осы кәсіпті кеңейтіп, торттар, пирогтар, бәліштер пісіргім келеді. Ол үшін тағы да осындай мемлекеттік бағдарламаға қатысып, құрал-жабдықтарымды, нан пісіретін үлкен пешті жаңартсам деймін. Қазір түрлі дәмді торттарды пісіре бастадым. Ауылдықтардан мереке күндері сұраныс бар. Қазір дайындап жүрген тәттілерімді өзім инстаграмнан үйрендім. Тәтті пісіру шыдамдылықты, ыждаһаттылықты талап етеді», – дейді Гүлбану.

Ас атасы бар жерде береке бар. Расында, Гүлбану таңнан тұрып нан жабады. Қолында атасы бар. Кешкі асқа дейін көтеріліп, формаға салынып, қып-қызыл бөлке нандар дайын болады.

«Күніне 40 бөлке нан пісіремін. Уатсап мессенджерінде ауылдастардан құрылған топ бар, соған нан пісті деп жазамын, дереу келіп алып жатады. Кейбіреулері келесі күні келіп алады. Бөлке нанды ашытқанда құрамына тұз, шамалап май, қант қосып, иін қандырып, пісіремін. Ұнды Әулиекөлден алдырамын. Астымызда көлік болмағаны қиынға соғып тұр. Ылғи да келген-кеткендерге алдыртасың. Оған қосымша ақысын төлейсің»,- дейді наубайшы келіншек.
Бүгінде Қожа ауылында 502 тұрғын бар. Бұған дейін ауылдықтар нанды сырттан алдырып жүрсе, енді Гүлбанудың қолынан шыққан ыстық асты алып рақатын көріп отыр.

«Ауылдың кез келген қызы шаруаға бейім ғой. Өзім де жастайымнан нан жауып, пісіруді үйрендім. Үй тірлігіне ерте араластым. Жалпы тоқаш, нан пісіруді жаным жақсы көруші еді. Алдағы уақытта мұнымен тоқтап қалмай, кәсібімді кеңейткім келеді. Оған қаражат қолбайлау болып тұр. Менің қолымнан шыққан бөлкелерді арасында көршілес Дәмді, Шилі ауылдарынан да келіп алып тұрды. Әкеп тасып тұрсаңшы деген ұсыныстарын да айтып жатыр. Бірақ нан жеткізіп тұруға астымызда көлігіміз жоқ. Бір рет татып көргендер «наныңыз дәмді екен» деп жатады, – дейді ол.
Гүлбану ас атасына деген сұраныстың ұлғаюына байла¬нысты, келе¬шекте өнімнің басқа да түрін шығаруға ниетті.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Семья из Аркалыка стала лауреатом конкурса «Мерейлі отбасы» и получила 2 млн тенге

В Астане наградили победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026». (далее…)

1 неделя ago

Арқалықтағы оңалту орталығы Жангелдин балаларына да қызмет көрсетеді

Арқалық өңірлік ауруханасында балаларға арналған «Қамқорлық» медициналық оңалту бөлімі ашылды. (далее…)

1 месяц ago

«Караван правовой помощи» продолжает выезды по Костанайской области

Очередной выезд «Каравана правовой помощи» состоялся в город Аркалык, Джангельдинский и Амангельдинский районы. Специалисты несколько…

1 месяц ago

К зиме готовы: в Аркалыке проверили ремонт ТЭЦ и теплосетей накануне отопительного сезона

В Аркалыке прошла масштабная инспекция объектов тепло- и водоснабжения. (далее…)

2 месяца ago

ДКРЕМ проверил исполнение инвестпрограмм и бюджетных трат ГКП «Аркалыкская ТЭК»

ДКРЕМ проверил исполнение инвестпрограмм и бюджетных трат ГКП «Аркалыкская ТЭК». (далее…)

2 месяца ago

Арқалық-Қостанай рейсінің кестесі өзгеруі мүмкін

Тұрғындар аптасына екі рет қатынайтын әуе рейстерінің бірін демалыс күніне ауыстыруды сұрады (далее…)

2 месяца ago

This website uses cookies.