Әзірге зардап шеккен 191 отбасыға 50 АЕК көлемінде бір реттік төлем жасалды

Арқалық қаласына қарасты Қызылжұлдыз және Екідің ауылдарынан эвакуацияланған 122 адамға көмек көрсетілді. Арнайы комиссия тасқын судан зардап шеккен үйлерді аралап, шығын мөлшерін анықтап, акт жасауда. Мұндай жұмыстар 123 үйге жүргізілді.

Қазіргі күні бағалаушы компанияның өкілдері де жұмыстарын бастап кетті. Мұнан бөлек, жергілікті әлеуметтік сала өкілдерінен жасақталған комиссия су тасқынынан зардап шеккен 265 отбасыны анықтады. Құжат тапсырған 191 отбасыға 50 (АЕК) көлемінде (184 600 теңгеден) 35 млн 258 мың теңге бір реттік төлем жасалды.

Арқалық қаласы әкімідігінің берген мәліметіне сүйенсек, төтенше жағдай кезінде Арқалық қаласының су басқан ауылдарынан барлығы 301 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Арнайы эвакопункттерге 124 адам орналастырылды. Апат салдарынан Екідің ауылында 32 үй, 2 шаруа қожалығы, Қызылжұлдыз ауылында 30 үй, 4 шаруа қожалығын су басты. Тасқын кезінде үш үй құлады. Северный кентінде 72, Дачный кентінде 22, Западный кентінде 4, Новый кентінде 25, барлығы 201 үйді су басқан. Диспечерлік қызметте дамбыл жоқ. Тұрғындардан әлі де арыз-шағымдар түсіп жатыр.
Көмектесушілердің де, жанашыр жандардың да қарасы қалың. Арқалық қалалық іскер әйелдер қауымдастығы, өнер адамдары, қала тұрғындары бей-жай қалмады. Қолдарынан келген көмектерін көрсетуде. Арнайы орталыққа киімдер, ыдыстар және қажетті тұрмыстық техникалар жеткізілді. Сондай-ақ, жекелеген азаматтар зардап шекккен отбасылардың есеп-шотына 500 теңгеге жуық қаражат аударды. Мекемелер мен ұжымдар 1 тоннадан астам азық-түлік және киімдер жеткізді.

Жол қатынасы уақытша тоқтаған елді мекендерге тікұшақ арқылы азық-түлі, 100 литр бензин, 100 литр жанар-жағармай, қажетті дәрі-дәрмек жөнетілді.

Көмек қолын созып жатқан аудандар да бар. «AMANAT» партиясынан тонна гуманитарлық көмек келді. Әулиекөл ауданынан 30 тонна, Науырзым ауданынан 15 тонна шөп, Ұзынкөл ауданынан 50 тонна жем жетті.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Арқалыққа апарар жол орташа жөндеуден өтті

Қостанай облысында республикалық маңыздағы KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автомобиль жолының 323–339 шақырым аралығындағы,…

6 дней ago

Starlink интернеті «Астана – Арқалық» пойызында қолжетімді

«KAZRAIL» компаниясы «Астана – Арқалық» бағыты бойынша қатынайтын №610/611 жолаушылар пойызында Starlink интернет желісін пилоттық…

7 дней ago

Арқалықта ет тапшылығына қатысты жағдай түсіндірілді

Әлеуметтік желілерде Арқалық қаласы тұрғындарының ет тапшылығы мен мал сою ісін ұйымдастырудағы қиындықтар туралы видеосы…

1 неделя ago

Арқалықтағы жаппай уланудың себебі анықталды

Бұған дейін Арқалықтағы мерекелік шара өткен мейрамханада жаппай улану оқиғасы тіркелгені туралы жазғанбыз. (далее…)

2 недели ago

Арқалықта жаңа спорт нысандары мен инфрақұрылымдық жобалар іске асуда

Арқалық қаласында екі жаңа әлеуметтік нысанның ашылуы өтті. Спорттық интернаттың жатақханасы мен күреске арналған арнайы…

3 недели ago

Арқалық өнерпаздары жеңіс биігінде

Қостанайда өткен «Тобыл толқыны – 2025» қалалық командалық ашық байқауында Арқалық қаласының «Арқа сазы» ұлт-аспаптар…

3 недели ago

This website uses cookies.