Облысымызда су тасқынынан 832 бала эвакуацияланды

Еліміздің бірқатар өңірлерін су басып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Тілсіз жаудан халықтың үйлері қирап, төрт түлік малы суға кетті. Ең бастысы адам шығыны жоқ. Соның ішінде зардап шеккен Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарынан барлығы 832 бала эвакуацияланды, оның ішінде 736 мектеп жасындағы, 96 – мектепке дейінгі балалар бар. Арқалық қаласындағы ауылдардан барлығы 79 бала эвакуацияланды: Қызыл-Жұлдыз ауылы мен Екідін ауылынан. Олар үшін оқу процесі  Арқалық қаласы М. Әуезов атындағы № 5 ЖББМ-де ұйымдастырылған. Балалар мектеп партасына отырды.

Олар үшін кабинеттер, оқулықтар толығымен дайындалды, тоқсанның бірінші күнінен бастап тамақтану ұйымдастырылды. Мектептің барлық қызметкерлері балаларға бейімделуге көмектеседі. Балалардың сабақтарын олардың мұғалімдері жүргізеді, олар да эвакуацияланды. Барлық балалар кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етілген, бұған қаражат “Всеобуча” қорынан алынған. Жалпы, жолдардың жағдайы нашар және тасымалдаудың болмауы жағдайында қашықтықтан оқыту 21 мектепте ұйымдастырылған: Амангелді ауданының 12 мектебі және Жангелді ауданының 9 мектебі).

Эвакуацияланған балалар үшін оқулықтар, кеңсе керек- жарақтары, қажет болған жағдайда киім-кешек резерві дайындалды.

“Всеобуча” қорынан  басқа, бұған бей-жай қарамайтын азаматтар, еріктілер ұйымдары көмек көрсетуе. Балаларға арналған 5 эвакуациялық пунктте бос уақыт ұйымдастырылды, отбасыларға 43 мектеп психологы мен өңірлік психологиялық қолдау орталығының мамандары психологиялық көмек көрсетеді.

Сенім телефонының байланыстары таратылады, психологтар балалар мен ата-аналарға стресті жеңуге көмектеседі, барлық қажетті психологиялық көмек көрсетіледі деп хабарлады облыстық білім басқармасы.

Ал, Қостанай қаласы бойынша су тасқынынан зардап шеккен және көмекке мұқтаж мектеп жасындағы балалар жоқ. Аулаларды су басу жағдайлары болды , бірақ үйге су кіруі үшін мектеп жасындағы балалары бар отбасылар арасында болған жоқ, – деп мәлімдеді қалалық білім беру бөлімінде.

Жан ШАЙМЕРДЕН, суретті ұсынған облыстық білім басқармасы

Редактор

Recent Posts

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

17 часов ago

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

3 недели ago

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

4 недели ago

Қайта ашылатын Арқалық әуежайына мамандар тартылуда

Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.