Өткен жылы шағын қалашықтың коммуналдық жүйесі тартылды.
Оның құрылыс – монтаждау жұмыстарын 2022 жылғы 6 мамырдағы келісім – шартқа сәйкес «Теплоэнергострой» ЖШС жүзеге асырды. Инженерлік желілердің құрылыс жұмыстарына қарастырылған 362 млн 600 мың теңге игерілді.
Биылғы жұмыс – кезекте тұрған азаматтарға жер телімдерін беру шаралары. Басталды деп айтуға болады.
Келісім-шартты іске асыру негізінде бұл аумақта 4 км су құбыры, 4 км кәріз құбыры, 6 км электр желілері тартылды. Құрылыс салынатын аумақта 260 баған және 1 трансфарматор орнатылды. 2024 жылдың 26 желтоқсанында нысан құрылысы аяқталып, қабылдап алдық. Қазіргі уақытта тұрғын үй құрылысын салу үшін қалалық жер қатынастары бөлімі арқылы жер кезегінде тұрған азаматтарға заңды тиесілі жер телімдерін беру жұмыстары жүргізілуде.
Коттежді қалашық үйлерін тұрғындардың өздеріде салуға құқылы. Алдын ала талдау жасап, құрылысты салып берсе қалай қарайсыздар?»- деп кезекте тұрған адамдармен сауалнама жүргіздік. Тұрғындар оны қымбатсынып отыр. Біздің ұсынысымыз бойынша котедж салған уақытта құрылыс шығыны меншік иелерінің өз қаражаттарына және қосымша үкіметтің субсидиялауымен жүзеге асар еді. Жер телімін алушылар одан бас тартты. Қаражатымыз жоқ, несие тарихымыз нашар деп келіспеді.
-Өз тарапымыздан айтар болсақ, коттеждер қалашығының сырт көшесінің 40 үйін үкімет салады деп жобаланған. Қысқасы, салатын үйінің архитектуралық сипатын әр адам өзі біліп, өзі шешеді,-дейді Арқалық қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Өміржан Кенжебекұлы.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Проект оценивается в 471 137 043 тенге. (далее…)
В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)
На данный момент здание вокзала ремонтируется (далее…)
Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…
Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…
Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)
This website uses cookies.