Арқалықтық үздік спортшылар марапатталды

Арқалықта жыл қорытындысы бойынша үздік спортшылар марапатталды.

Қалада өткен республикалық, әлемдік және халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар мен жаттықтырушыларға зор құрмет көрсетілді.

– Биыл қалада бұқаралық спортты дамытуға зор көңіл бөліп отырмыз. Арқалықта қазіргі уақытта 16 мың адам спортпен белсенді түрде айналысады, бұл қала халқының 45,2%-ын құрайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға дейін халықтың 50%-ын спортпен қамту міндетін қойды, біз бұл бағытта қадам басып келеміз, – деді қала әкімі.

Өткен жылы Арқалықта жалпы көлемі 397 миллион теңгеге 36 спорт алаңы бой көтеріп, биыл тағы 1 миллиард 268 миллион теңгеге спорт мектеп-интернаты мен күрес залы салынатын болады. Бұған қоса, бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры күрделі жөндеуден өтіп, әйелдердің спорттық кешеніне айналмақ. Бұл қадамдар қаладағы спорт инфрақұрылымын жақсартып, жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды.

2024 жылы қалада 1 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 4 Қазақстан Республикасының спорт шебері және 47 спорт шеберлігіне үміткер шықты. Ал, еліміздің чемпионаттарынан 11 жеңімпаз, 29 жүлдегер анықталды. Арқалықтың мақтанышы – Антон Цуркан, Александр Шпилевой, Константин Карлышев, Геннадий Баковский, Жұлдыз Сатыбалдина, Гүлмайра Сагиданова, Фарида Қастай, Жаслан Бекболат сынды спортшылар әлем және Азия чемпионаттарынан, халықаралық жарыстардан медальдарды қоржынға салды.

«Қала басшылығына бізді елеуі мен марапаттағаны үшін алғысымызды айтамыз. Спорт адамға күш-қуат, денсаулық және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Жаңа жылымызда да табыстарымыз көбейіп, еліміздің спорт саласы одан әрі өркендей берсін», – дейді қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері, Халықаралық дәрежедегі төреші Алтынбек Болатов.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Арқалықта жылу желілері жаңартылуда

Арқалық қаласында жылу желілерінің тозу деңгейі екі есеге азайды. (далее…)

1 неделя ago

Арқалық қайта жанданып келеді

Арқалық қаласында ұзақ уақыт бойы бос тұрған үйлер мен әлеуметтік нысандар қайта жөндеуден өтіп, пайдаланысқа…

1 неделя ago

Арқалыққа басымдық: Торғай өңірін дамытудың өзегі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы Үкіметтің ерекше бақылауына алынды. (далее…)

2 недели ago

Строительство аэропорта в Аркалыке завершится в 2026 году

В текущем году в Послании народу Казахстана Глава государства особо подчеркнул, что социально-экономическое развитие Торгайского…

2 недели ago

Арқалықта жерлесіміз Сәкен Қосмұхамбетовке ескерткіш тақта қойылды

Арқалық қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері, Арқалық қаласының Құрметті азаматы, «Еңбек Қызыл ту» орденінің иегері…

2 недели ago

Арқалық қаласы әкімдігінде іссапар шығындарын төлеу барысында заңбұзушылықтар анықталды

Арқалық қаласы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығындарын төлеу кезінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.