Арқалықтағы жылу желілерінің жөндеуін аяқтауға 250 млн теңге бөлінді

Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жылу желілерін жөндеуді аяқтау үшін Үкімет резервінен 250 миллион теңге бөлінді

Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Арқалық ЖЭО 375 нысанды жылумен қамтамасыз етіп отыр және тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты «қызыл аймаққа» енгізілген.

– Қаланың жылу желілерінің жалпы ұзындығы 34,7 км, оның басым бөлігі 1990 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда орташа тозу деңгейі 48%, кейбір учаскелерде 82%-ға дейін жетеді. Бұл жылу маусымында 24-29% көлемінде жылу энергиясының шығынына алып келеді, – делінген Үкімет хабарламасында.

2023 жылдан бастап қалада жылу көздерін жаңғыртудың екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта 17 км жылу желісі ауыстырылды. 2025 жылы тағы 9,9 км жаңарту жоспарланған. Жоба аяқталғаннан кейін жалпы тозу деңгейі 12%-ға төмендейді деп күтілуде.

Жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары қаладағы 38,4 мың тұрғынның өмір сүру сапасын арттыру және жылу маусымының тұрақты өтуі үшін маңызды.

Сонымен қатар, 2024-2025 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілері, жабдықтар мен электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізілген. Биыл өңірде жалпы ұзындығы 27,9 км болатын 22 жоба іске асырылып жатыр.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

2 дня ago

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

3 недели ago

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

4 недели ago

Қайта ашылатын Арқалық әуежайына мамандар тартылуда

Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.