Қайта қалпына келтіру үшін қазынадан 8,4 млрд бөлінбек.
1990 жылдардан бері бос тұрған ғимаратты облыс әкімдігі өткен жылдың аяғына таман сатып алған. Сөйтіп, Арқалық қаласының әуе қатынасын қалпына келтіруге қатысты ауқымды жоба әзірленді.
Бүгінгі таңда кешеннің барлық инфрақұрылымы істен шыққан. Аэровокзал әбден қирап, бүлінген. Терминал ғимараты екі мыңыншы жылдары жекешелендірілген.
Тек, ұшу-қону жолағы ғана қала әкімдігінің балансында тұр. Мамандардың айтуынша, ұшу-қону жолағын жөндеу, терминал салу, арнайы техника, метеорологиялық және радиотехникалық жабдықтар сатып алу жоспарланған. Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру бойынша барлық жұмыстың болжамды құны 8,4 млрд теңгеге бағаланып отыр.
«Қазір біз Арқалық қаласындағы әуежайдың қызметін қайта іске қосу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бүкіл зерттеу-тексеру жұмыстары аяқталуға жақын. Жобалық-құндық құжаттары да дайын. Барлық жобаны жоспарға сай жүргізетін болсақ, әуежайды уақытында іске қосу мүмкіндігі жоғары. Әуежайды қалпына келтіру қаланың инфрақұрылымын нығайту және жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін маңызды қадам екендігі даусыз», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысына қорытындылған басқосуда.
Айта кетейік, әуежайды қайта жаңартқаннан кейін, терминалдан сағатына жетпіс жолаушыға дейін өткізілмек. Әзірге, «Қостанай-Арқалық-Қостанай», «Астана-Арқалық-Астана» бағыттарын ұйымдастыру жоспарланған.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Қостанай облысында республикалық маңыздағы KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автомобиль жолының 323–339 шақырым аралығындағы,…
«KAZRAIL» компаниясы «Астана – Арқалық» бағыты бойынша қатынайтын №610/611 жолаушылар пойызында Starlink интернет желісін пилоттық…
Әлеуметтік желілерде Арқалық қаласы тұрғындарының ет тапшылығы мен мал сою ісін ұйымдастырудағы қиындықтар туралы видеосы…
Бұған дейін Арқалықтағы мерекелік шара өткен мейрамханада жаппай улану оқиғасы тіркелгені туралы жазғанбыз. (далее…)
Арқалық қаласында екі жаңа әлеуметтік нысанның ашылуы өтті. Спорттық интернаттың жатақханасы мен күреске арналған арнайы…
Қостанайда өткен «Тобыл толқыны – 2025» қалалық командалық ашық байқауында Арқалық қаласының «Арқа сазы» ұлт-аспаптар…
This website uses cookies.