Құрылысы 19,5 млрд теңгені құрайды.
Арқалықта әуежайды қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған әуе айлағы енді толықтай жаңартылып, қайта іске қосылмақ.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жобаның жалпы құны 19,5 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын «СтройЭлитДом» ЖШС жүргізіп жатыр.
Жоба аясында әуежайдың негізгі инфрақұрылымы толық жаңғыртылады. Атап айтқанда, ұшу-қону жолағы қайта салынып, рульдеу жолы мен перрон жөнделеді. Сонымен қатар, заманауи талаптарға сай жаңа аэровокзал кешені бой көтереді. Жаңа терминал сағатына 70 жолаушыға дейін қызмет көрсете алады.
Мамандардың айтуынша, құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Осыдан кейін әуежайды пайдалануға беру және тұрақты әуе рейстерін іске қосу кезеңі басталады.
Алғашқы кезеңде Астана, Қостанай және Алматы қалаларына тұрақты рейстер ашу көзделген. Бұл бағыттар өңір тұрғындары үшін қатынасты жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Арқалық әуежайын қалпына келтіру бастамасы алғаш рет 2024 жылдың қазан айында көтерілген болатын. Жоба жүзеге асқан жағдайда, қаладағы көлік инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деп күтілуде.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Работы охватят не только центральные парки, но и отдаленные дворовые территории, а также обочины магистральных…
Жасөпірімдерді кітап оқуға баулуда (далее…)
Власти города решили отказаться от старых методов «втыкнуть саженец в суглинок» и перешли к технологиям:…
На совещании под председательством акима области Кумара Аксакалова об итогах отопительного сезона 2025-2026 года…
Здание ждет реконструкция. (далее…)
This website uses cookies.