Арқалықта ер адам оншақты оқушы мен студентке діни заңсыз сабақ өткізген

Арқалық қаласында сот шешімімен таратылған қайырымдылық ұйымының ғимаратында заңсыз діни қызмет жүргізілгені анықталды. Бұл туралы облыстық дін істері жөніндегі басқармасы хабарлайды.

Өңірдегі діни ахуалға мүдделі органдармен мониторинг жүргізу барысында анықталып отыр. Тексеру нәтижесінде Арқалық қаласында орналасқан, бұған дейін сот шешімімен таратылған қайырымдылық ұйымға тиесілі жеке мекеменің ғимаратында Алматы қаласының тұрғыны «Ж» есімді азаматтың діни сабақтар мен діни рәсімдер өткізгені белгілі болды. Аталған іс-шараларға Арқалық қаласының кәмелетке толмаған төрт оқушысы мен бес жоғары оқу орнының студенттері қатысқан.

«Бұрын Арқалықта қайырымдылық мекемесі болған, бірақ құзырлы органдар тексеріп, сот шешімімен жабылды. Кейін сол мекеменің базасында «Торғай» атауымен жаңа қайырымдылық мекемесі құрылып, балаларды діни оқыту қызметі қайта басталды. Кеше «Ж» есімді азамат жауапқа тартылды, тағы екі тәрбиешіге қатысты сот процесі жүріп жатыр. Қосымша ақпарат сот шешімі шыққан соң жарияланады», – деді облыстық дін істері басқармасының өкілі Сапарғали Әбдиев.

Анықталғандай, діни оқыту діни бірлестік мәртебесі жоқ, діни қызметке арналмаған үй-жайда жүргізілген. Сонымен қатар діни әдебиеттер дінтану сараптамасының оң қорытындысынсыз пайдаланылған.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл қайырымдылық ұйымы 2025 жылы сот шешімімен таратылған. Аталған факті бойынша сот шешімімен мекеме тәрбиешісі «Ж» Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 3-бөлігіне сәйкес миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асырғаны және діни әдебиеттерді тиісті сараптамасыз пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Қазіргі таңда сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті облыстық дін басқармасынан алынды

Редактор

Recent Posts

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

5 дней ago

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

4 недели ago

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

1 месяц ago

Қайта ашылатын Арқалық әуежайына мамандар тартылуда

Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.