Арқалық қаласында көптен бері қараусыз қалған мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы аумағы жеті мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты ғимараттың толық жаңғыруы жоспарланып отыр. Бұрын қала сәулетінің көркі саналатын бұл нысан соңғы он жылдан астам уақыт бойы бос тұрған.
Арқалық қалалық мәдениет үйінің сахнасы соңғы 15 жылда бос тұрған. Осы уақыт ішінде қаладағы ең танымал мәдени демалыс орнының шатыры, қабырғалары және инженерлік жүйелері әбден тозығы жетіп, күрделі жөндеуді қажет етті.
Мекеме директоры Замзагүл Мергенованың айтуынша, жөндеу жұмыстары аяқталған соң көрермендер залына 550 орындық орнатылады, жоғарғы яруста – 350, төменгі бөлікте – 150 орын.
– Қалада 100-ден астам шығармашылық ұжым бар. Алайда олардың дайындық жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы орын жоқ. Оркестр гуманитарлық колледждің акт залында, хор ұжымдары қаладағы университет пен колледж кабинеттерінде жаттығады. Театр сахнасында да кейде бірігіп дайындаламыз. Би топтары басқа кешенде репетиция жасайды, – деді Замзагүл Мергенова.
Күрделі жөндеу жұмыстары екі жыл бұрын басталған болатын. Дегенмен жобалық-сметалық құжаттама бірнеше рет қайта қаралғандықтан, жұмыс барысы уақытша тоқтап тұрған.
– Қазіргі таңда жылу жүйесі, терезелер толық ауыстырылды, электр монтаждау жұмыстары аяқталды. Ең күрделі жұмыстар аяқталды. Жобаның жалпы құны 1 миллиард теңге. Бүгінде осы соманың жартысынан астамы игерілді. Келісімшарт бойынша нысанды 31 шілдеге дейін тапсыру жоспарланған. Қажет болған жағдайда мерзім ұзартылуы мүмкін, – дейді Арқалық қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің міндетін атқарушы Жайнар Әубәкірова.
Қаланың шығармашылық ұжымдары биылғы тамыз айында жаңартылған мәдениет үйіне ораламыз деген үмітте.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Проект оценивается в 471 137 043 тенге. (далее…)
В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)
На данный момент здание вокзала ремонтируется (далее…)
Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…
Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…
Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)
This website uses cookies.