Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні Северный кентінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде болған.

Жарылыс нәтижесінде үйдің шатыры қирап, ғимаратқа айтарлықтай зақым келген. 31 қаңтар күні arkalyk.news Instagram-паблигінде оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды. Бейнежазбада көршілердің бірі түнгі сағат 3 шамасында көрші үйде қатты жарылыс болғанын айтып, салдарын көрсетеді. Оның сөзінше, жарылыс салдарынан есік жұлынып, көршілес үйдің ішкі қабырғасы да опырылған.

2 ақпан күні аталған оқиғаға қатысты Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

– 29 қаңтар түні 101 пультіне Арқалық қаласы Северный кентіндегі төрт пәтерлі жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болғаны туралы хабар түсті. Жарылыс өрттің шығуына ұласқан жоқ. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жарылыс салдарынан шатырдың құлағанын анықтап, үйінділерді тазалау жұмыстарына кірісті, – деп хабарлады ведомстводан.

Құтқарушылар келгенге дейін 1979 жылы туған ер адам мен 1984 жылы туған әйел күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Шұға АҢСАҒАНҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Арқалыққа басымдық

Биыл Арқалық қаласының құрылғанына 70 жыл толуына орай облыс бюджеті қайта қаралып, қомақты қаржы шаһарды…

2 недели ago

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

3 недели ago

Территорию рядом с аркалыкским ж/д вокзалом планируют благоустроить

На данный момент  здание вокзала ремонтируется (далее…)

4 недели ago

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

2 месяца ago

Қайта ашылатын Арқалық әуежайына мамандар тартылуда

Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)

2 месяца ago

This website uses cookies.