Арқалықта екі жүзден астам адам қаланы тазартуға шықты

Арқалық қаласында «Жасыл ел» жасақтары мен жергілікті тұрғындар бірлесіп, қаланың бірнеше бөлігінде ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді. Игі іске 200-ден астам адам қатысып, саябақтар мен скверлерді, аулалар мен көшелерді қоқыстан тазартты.

Бұл шаралар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Қала мен оған қарасты 12 елді мекеннен 60 мың текше метрден астам тұрмыстық және құрылыс қалдықтары шығарылды.

Арқалық қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Абай Бірахметовтің айтуынша, қалада абаттандыру жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде.

– Облыстық бюджет есебінен 50 миллион теңгеге 4 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұған қоса, демеушілер мен жергілікті кәсіпорындардың көмегімен ауылдық округтер мен елді мекендер аумағына 1,5 мыңнан астам ағаш отырғызылды, – деді Абай Бірахметов.

Мұндай шаралар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға сеп болмақ.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

3 дня ago

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

4 недели ago

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

4 недели ago

Қайта ашылатын Арқалық әуежайына мамандар тартылуда

Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.