Арқалықта алғаш рет тәуелсіздік алғаннан бері жаңа мектеп бой көтерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Арқалықта Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет салынған жаңа мектепке барды. «Жайлы мектеп» Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған, былтыр жыл соңында пайдалануға берілді. Мектеп 300 орынға арналған.

Қостанай облысында білім беру жүйесі дамып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыстың шалғай аудандарында инфрақұрылымдық жобалар, оның ішінде орта білім беру мекемелерінің құрылысы жүзеге асырылып жатыр.

«Арқалық туралы айтсақ, бүгінде мұнда 25 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Былтыр 140 орындық балабақша ашылды. Орта білім туралы айтар болсақ, Арқалықта 12 мектеп бар, олардың бірі «Жайлы мектеп». Былтыр қарашада пайдалануға берілді. Мектеп халықаралық стандарттарға сай. Айта кетейік, біздің барлық 6 жайлы мектебімізде білім қазақ тілінде беріледі», – деді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Айман Ибраева.

№7 орта мектеп директоры Ақтоты Кисикова нысанның іске қосылуы оқу жағдайын жақсатып қана қоймай, қаладағы мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Қазіргі уақытта мектепте 316 оқушы оқиды, оның ішінде 42-сі 1-сынып оқушысы. Сыныптардың орташа толымдылығы 17–18 оқушыдан. Барлығы 19 сынып. Оқу процесі екі ауысымда ұйымдастырылған. Мектеп жиһаз және құрал-жабдықтармен 100% қамтамасыз етілген.

«Мектепте робототехника кабинеттері, цифрлық зертханалар мен практикалық сабақтарға арналған шеберханалар жабдықталған. Тіпті бастауыш сыныптарға да заманауи құралдар мен жабдықталған сыныптан тыс аймақтар қарастырылған», – деді ол.

Ұжымда 38 педагог қызмет етеді. Мұғалімдердің жартысынан астамы біліктілік санаттарына ие, олардың қатарында педагог-шеберлер, модераторлар, сарапшылар және зерттеушілер бар.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

2 дня ago

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

3 недели ago

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

4 недели ago

Қайта ашылатын Арқалық әуежайына мамандар тартылуда

Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.