Арқалық қаласында көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Байтұрсынов көшесінде орналасқан 60 пәтерлі тұрғын үйді жөндеуге облыстық бюджеттен 974,4 млн теңге қаражат бөлінген.Ұзақ жылдар бойы бос тұрған бұл ғимаратты қайта қалыпқа келтіру жұмысын «Мыржықов» жеке кәсіпкерлігі жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта құрылысшылар ішкі жөндеу жұмыстарын қолға алып, ғимаратты қоқыстан тазарту, жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда.
«Қазіргі таңда құрылыс қызу жүріп жатыр. Терезелерге тапсырыс бердік, әзірге ашпаймыз, себебі ішке суық кіріп кетуі мүмкін. Бес-алты ай ішінде толық аяқтауды жоспарлап отырмыз», – дейді кәсіпкерлік басшысы Еркебұлан Мыржықов.
Бұл кәсіпкер бұған дейін де осындай жағдайда тұрған 48 пәтерлі тұрғын үйді жөндеп, халық игілігіне тапсырған болатын.
Құрылысқа 16 жергілікті жұмысшы тартылған. Олар еңбек жағдайының жақсы екенін және жұмыстарының уақытылы бағаланатынын айтып отыр.
Қаланың байырғы тұрғындарының бірі Хайролла Аяпов бұл бастаманың Арқалықтың дамуындағы оң өзгеріс екенін атап өтті.
Қала билігінің мәліметінше, баспанаға мұқтаж тұрғындарға тағы да 40 пәтерлік үйге қолайлы ғимарат қарастырылып жатыр. Демек, алдағы күзде қоныс тойын тойлайтын тұрғындардың саны арта түспек.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Проект оценивается в 471 137 043 тенге. (далее…)
В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)
На данный момент здание вокзала ремонтируется (далее…)
Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…
Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…
Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)
This website uses cookies.