Арқалық – Астана бағыты бойынша қатынайтын №655/656 «Нұрлы жол – Арқалық – Нұрлы жол» жолаушылар пойызына жаңартылған екі жолаушы вагоны қосылды.
Іші-сыртына толық жаңартылған жаңа вагондар жолаушыларға заманауи әрі жайлы сапар ұсынуға бағытталған.
Компания өкілдерінің айтуынша, жаңартылған вагондарда жоғары кернеулі ток көзі орнатылған. Бұл жолаушылардың электронды құрылғыларын кедергісіз пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жақын арада вагондарға мультимедиялық контент жүйесі орнатылып, жолаушылар фильм көріп, сапар уақытын қызықты өткізе алмақ.
«Кейінгі кезде компания тарапынан халық үшін көп жұмыстар жасалып жатыр. Бұл вагондарда жоғары кернеулі ток бар. Болашақта мультимедиялық контент орнатпақшымыз. Жолаушылар жол қысқартып, жайлы демалып, фильм көре алатын болады», – деді пойыз басшысы Данияр Керім.
Жаңартылған вагондарда жолаушыларға арнайы «жол пакеті» ұсынылады. Оның құрамына төсеніштер, жайма, жеке гигиена заттары және өзге де қажетті құралдар кіреді. Алайда бұл қызмет билет бағасына кірмейді, оны бөлек сатып алуға болады.
«Бүгін жаңа вагонға мініп, Астанаға жол жүріп барамын. Бұрынғыдай емес, мұнда жайлылық бірден байқалады. Ескі дүниелердің бәрі жаңартылған. Әр келген жолаушыға төсеніш-жаймалармен бірге жол пакеті берілуде. Мұны елге жасалып жатқан қамқорлық деп білеміз», – деді Арқалық қаласының тұрғыны Орынбасар Ибраев.
Қазақстан темір жолы компаниясы алдағы уақытта да жолаушыларға арналған сервисті жетілдіру, вагондарды жаңарту және цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту жұмыстарын жалғастыра бермек.
Айта кетейік, бұған дейін сайтымызда Арқалық бағытындағы пойыздардың жай-күйі сынға алынған болатын. Жаңа вагондардың іске қосылуы – сол сынға берілген нақты жауаптардың бірі.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Мұрат Жүнісұлы
Проект оценивается в 471 137 043 тенге. (далее…)
В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)
На данный момент здание вокзала ремонтируется (далее…)
Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…
Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…
Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)
This website uses cookies.