Адамның адами қасиеттерінің бірі – өзге жанға қолынан келгенше жақсылық жасау

Өзінен артылған затты басқа бір мұқтаж адамға сыйға тарту, не болмаса қаражаттай көмек көрсету де рухани бай ақыл иелеріне ғана тән жомарттық

Дегенмен, жасынан тәрбиеге көп көңіл бөлетін халқымыз үшін жатқа қажет кезде көмек қолын созу туралы жазылмаған заңы бар.

Қайырымдылық шараларынан шекарашылар ешқашан да тыс қалып көрген емес. Мұның өзін бойында адамгершілігі мен ел шетін күзетуді парызым деп білген шекара сақшыларының асыл қасиеттерінің тағы бір қыры деп қарауымызға болады. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша Департаменті бастығы полковник Арман Жұмахметовтің бастамасымен облысымызда карантиндік шараларының сейілуне байланысты, қайрымдылық үрдісі жалғасын тауып отыр. Бөтен бала болмайды қағидасын қатты ұстанатын Қостанай департаментінің жеке құрамы  тағдыр талқысына ерте түскен балаларды жан жылуымен қуанту үшін оларға көмек қолын созды. «Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әдейілеп барған шекара сақшылары тәрбиеленуші балаларға бір күндерін арнады. Оларға бірнеше киім үтігін, азық-түлікпен, түрлі ойыншықтарды да сыйға тартты. Жастайынан өмірдің қиындығына тап болып, балалар үйін мекендеген сәбилердің жанарларынан ризашылық сезімдері байқалып тұрды.

Басқа жанға жақсы көңіл-күй сыйлау қашанда жақсылық жасаушы адамның мерейін өсіреді. Сондықтан да жетім-жесірлерге қолдан келгенше көмек қолын созу – қостанайлық шекарашылардың дәстүріне айналған шаралардың бірі.

«Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жанар Әлібекова ұжым атынан шекарашыларға алғысын айтты.

Манарбек ҚАРКЕНОВ,
7ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті, майор

Редактор

Recent Posts

В Аркалыке построят современный ФОК за 612 миллионов тенге

В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)

1 день ago

Арқалықта газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Арқалық қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 29 қаңтарға қараған түні…

3 недели ago

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

4 недели ago

Қайта ашылатын Арқалық әуежайына мамандар тартылуда

Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.