Жангелдин ауданына облыс орталығынан саяхатшылар құрамы келді

Ел арасында «Торғай тұрғанда, Дубайды қайтесің» деген керемет сөз жиі айтылып жүр.Осы сөзді естігенде бір марқайып қаламыз. Бұл қасиетті мекенге берген зор баға деп білуіміз керек. Сол барды бағалаудың өзі бір ғанибет. Жаз айында біздің өңірге туристтер көп келеді. Ахмет пен Міржақып атамыздың туған жерін көру бір бақыт екенін сезінген жандарға қашанда құшағымыз айқара ашық. Жалпы, Торғай жері тұлғалар мен қазба байлықтың өлкесі. Туристтер тарихи жердің құндылығын ұғынып, Ақкөл ауылындағы «Ыстық су» мен «Тұзды көл» емдік суына шомылуға көптеп барады. Жақында ғана облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан Журналисттер Одағы Қостанай облыстық филалының төрайымы Александра Серғазинова бастаған саяхатшылар келді.

Олар «Тылсым Торғай тур» жобасы аясында киелі жерлердің тарихымен танысып, ұлтымыздың ұлы тұлғалары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының рухына тағзым жасауға келген. Саяхатшылар сапында «Жанашыр бол» қоғамдық қорының мүшелері, танымал журналисттер мен блогерлер және жас ғалымдар бар. Алдымен Ахаң мен Жахаңның мұражайын аралады. Тұтынған көне заттарымен және шығармаларымен танысты. Торғайдан шыққан тұлғалардың өмір тарихына қанық болды. Одан кейін ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин мұражайын барды. Ұстаздық жолындағы елеулі еңбектерімен танысты.

«Жолаушының ақысы – жүрсе өнеді». Елге келген саяхатшылар Ақкөл ауылына жол тартты. Ең басты армандары Ахмет атамыздың туған жеріне барып, тағзым жасау. Құрбандық шалып, рухына құран бағыштау. Жүйелі арман жүзеге асып, көңілдері жайланды. Атамыздың мұражайына бір күн түнеп, таңертең кесенесіне мінәжат етіп, дұға оқыды.  «Мың рет естігенше, бір рет көзбен көр» деп емдік қасиеті бар «Тұзды көл» жеріне ат басын тіреді.

– Жангелдин ауданы, Ақкөл ауылындағы «Тұзды көл» шипалы ем екенін әлеуметтік желілерден оқыдым. Бір сәті түсіп, соған барсам деген ой жиі мазалайтын. Ол күнге де жеттім. «Тылсым Торғай тур» жобасы аясында  емдік қасиеті бар көлге бардық. Дөңгеленген аумағ кең. Біз барғанда ол маңда адамдар көп шоғырланған екен. Тұз бетінде тобыққа жетер жетпес су бар екен. Бір қайран қалғаным әрбір жерде домалақ-домалақ тесіктер пайда болған. Адамдар соған шомылып жатыр екен. Бізде сол суға түстік. Қанша қимылдасаңда су көтеріп бетіне шығарады. Табиғаттың тылсым күшіне таңқалдым. Нағыз туристтік жер екен. Қаржысы мол инвестор болса, көл жағасын демалыс орынан айналдыруға ібден болады. Нағыз емге шипа. Бойым сергіп,  жайлы сезіндім. Тұла бойыма бір күш пайда болғандай күйде болдым. Осындай табиғатқа бай Торғай жері Дубайдан кем емес екен, – дейді журналист Асхат Нұртазин.

– Торғай жерінің тылсым табиғатына тәнті болдық. Көптеген тұлғалар шыққан киелі жердің қасиетті топырағын басу біз үшін үлкен бақыт. Ахмет пен Міржақып атамыздың туған жеріне келіп, арқа басымыз кеңіді. Тұлалар мен қазба байлыққа бай өлкені келешегі зор деп білеміз, – дейді саяхатшылар.

Емдік қасиеті мол шипалы тұздың суынан керемет ләззат алып, көршілес Амангелді ауданына жол тартты.

Экскурсиялық сапар Қостанай облысы білім басқармасының тапсырысы бойынша «Отбасылық туризмді дамыту» жобасы аясында өткізілді, жобаны жүзеге асырушы – «Жанашыр бол» қоғамдық қоры.

Байбатыр АХМЕТБЕК Суретті түсірген Лариса Божко

Редактор

Recent Posts

“Больше не город призрак?”: Аркалык наращивает темпы развития

В преддверии 70-летия Аркалыка в городе реализуются крупные проекты в социальной, инфраструктурной, культурной и экономической…

1 неделя ago

Госэнергонадзор проверил ход масштабных ремонтов в Аркалыке

Территориальный департамент государственного энергетического надзора и контроля по Костанайской области ведет постоянный мониторинг того, как…

2 недели ago

Наружные стены домов по улице Каирбекова преобразятся в Аркалыке

Пять многоквартирных домов этим летом приведут к единому архитектурному стилю (далее…)

2 недели ago

В селах Аркалыка планируют обустроить скотомогильники

Строительство новых объектов запланировано августе-сентябре 2026 года (далее…)

2 недели ago

В пяти селах Аркалыка появятся модульные ветеринарные пункты

Лот на приобретение блочно-модульного ветеринарного пункта с расколом в селах Жалгызтал, Ашутасты, Коктау, Родина и…

2 недели ago

В Аркалыке завершились командные соревнования по дзюдо среди мужчин и женщин в рамках XXXIX Спартакиады Костанайской области

В течение двух дней сильнейшие спортсмены региона боролись за медали и командное первенство (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.