Торғай- Арқалық бағытындағы жол уақытша қалып келді
Таксисттер мен жолаушыларға жол ашық
Жанкелдин ауданы Тәуіш ауылындағы тас жол уақытша қалып келтірілді. Тасқын су жырған жерлерге тас төселіп, құм төгіліп тегістелді. Енді жолаушылар 6 шақырым жерге қайықпен бармайтын болды. Жол қатынасы қайта жалғасып, Арқалық қаласында қалған таксисттер үйлеріне келіп, отбастарымен қауышып жатыр. Қалыпқа келтірілген жол мерзімдік қана.
“Жолаушылардың жүріп тұруына кедергі болмасын деп уақытша лекерлеп жасадық. Су деңгейі сәл төмендегенмен қарқыны әлі күшін жойған жоқ. Жырып кетуі мүмкін деген күдіктен арыла алмай тұрмыз. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері күндіз түні кезекпен күзетуде. Біз үшін тұрғындардың амандығы маңызды”,-дейді ТЖБ-нің басшысы Темірлан Досмағанбетов.
Тоғыз жолдың торабындағы торғайлықтар үшін жолдың ашылғандығы қуанышты жаңалық. Десекте, қауіп сейілді деп еркінсінуге әлі ерте.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31