
Starlink интернеті «Астана – Арқалық» пойызында қолжетімді
«KAZRAIL» компаниясы «Астана – Арқалық» бағыты бойынша қатынайтын №610/611 жолаушылар пойызында Starlink интернет желісін пилоттық режимде іске қосты, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі
Көлік министрлігінің дерегінше, жаңа жоба биылғы жылдың соңына дейін сынақтан толық өтеді. Бұл — жолаушылар пойыздарын тұрақты әрі жылдам интернетпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың жалғасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы «Астана – Алматы» және «Астана – Өскемен» бағыттарында да осындай пилоттық жобаларды жүзеге асырған еді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ, суреттерді түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
2 просмотров