Шекарашылар екпе алуда

ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департамент басшысы полковник Арман Жұмахметовтің бастамасымен облысымыздың шеткі нүктелерін қырағы күзетіп жүрген әскери қызметшілер тұмауға қарсы екпе алуда. Мұндай шараның аязды күндері түрлі аурулардың ушыққан кездерінде шекара сақшыларына тигізер пайдасы мол болары сөзсіз.

Қостнай қаласының № 1 емханасының врач-эпидемиолог Гүлсім Сасыкованың айтуы бойынша, Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын тұмау вирусымен 5-тен 20 пайызға дейінгі аралықта тұрғын ауырады екен. Соның ішінде, 3 миллионнан 5 миллионға дейінгі аралықтағы адам тұмау ауруын қиын түрде өткерсе, 300 000 – 500 000 аралықтағы адам тұмау ауруынан көз жұматын көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы тұмауға қарсы екпе алу саясатын қолдайтын мемлекеттерді екпе алушылардың қатарын көбейту арқылы осындай маңызды шараны сапалы түрде ұйымдастыруға шақырады. Тұмау ауруына шалдығуға «жақын жүретін» адамдардың қатарына медициналық қызметкерлер, өкпе ауруына шалдыққандар мен қант диабетімен ауратындар және басқа да аурумен ауырып, иммунитеті төмендеген жандар жататын көрінеді.

Бүгінгі жағдайда коронавирус COVID-19 бен тұмау ауруы адамға бір уақытта жұғатын болса, нәтижесі қиынға соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда күні-түні жауынгерлік қызметте жүретін әскери қызметшілер шалдығатын болса, ауруы ушығуы мүмкін. Сондықтан да шекарашылар тұмау ауруына қарсы екпені міндетті түрде алуы керек. Себебі вакцина – барлық вирустық аруға жақсы қорған. Екпе алған адамға тұмау жұққан күннің өзінде жеңіл түрімен ауырады. Вакцинаның қашанда вирустардан қорғау мүмкіндігі жоғары. Ағзаны күшейтеді, нығайтады. Ал көп жылғы жауынгерлік қызметтің салдарынан  денсаулығында ақауы бар әкери қызметшілер екпені міндетті түрде алуы керек.

Бүгінгі шекара сақшылары қабылдап жатқан Ресей Федерациясында жасалған Грипполплюс полимер-суббірлікті белсенділігі жойылған үш валентті тұмау вакцинасы заманауи екпелердің қатарына жатады. Тұмаудың алдын алуға арналған вакцина бұлшықет ішіне тері астына енгізуге арналған суспсензия. Бір дозаның (0,5 мл) ішінде А типті (H1N1) вирусының антигені бар.

Заманауи дәрі-дәрмекті пайдаланған шекара сақшыларымызға ендігі кезекте түрлі аурулар жауынгерлік қызметтеріне кеселдік бола алмайтынына сенімдіміз.

Майор Манарбек ҚАРЕКЕНОВ,

ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы

бойынша Департаменті.

Суреттерді түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Арқалық-Қостанай рейсінің кестесі өзгеруі мүмкін

Тұрғындар аптасына екі рет қатынайтын әуе рейстерінің бірін демалыс күніне ауыстыруды сұрады (далее…)

1 неделя ago

В Аркалыке ищут подрядчика для ремонта дорог, но работы могут затянуться до холодов

После заключения договора у него будет еще 30 календарных дней на выполнение работ — таким…

2 недели ago

На ремонт пожарной части в Аркалыке планируют потратить почти 75 млн тенге

В здании специализированной пожарной части №4 проведут текущий ремонт (далее…)

3 недели ago

Арқалық әуежайы алғашқы рейсті қабылдауға дайын

Ұшақ билеттерінің бағасы белгілі болды. (далее…)

3 недели ago

В Аркалыке завершат капитальный ремонт городского Дворца культуры

На оставшиеся работы выделили более 51 млн тенге. Подрядчику предстоит закончить системы вентиляции, пожарной безопасности…

4 недели ago

XXXIX Спартакиада Костанайской области собрала более полутора тысяч спортсменов со всего региона

С 4 по 9 августа Аркалык на несколько дней стал главной спортивной столицей области В…

1 месяц ago

This website uses cookies.