Арқалық қаласындағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге арналып тұрғызылып жатқан 50 пәтерлі үй құрылысы жүргізілуде.
Мемлекет басшысының «Елге көмек» бастамасымен қаланың Шақшақ Жәнібек көшесі №99 мекен-жайынан салынып жатыр. Жаңа тұрғын үй кешенінің мердігері – елге кеңінен танымал «BAZIS – A» құрылыс компаниясы.
Пәтерлер 3 бөлмелі, аумағы 70-80 шаршы метр көлемінде болады. Үйдің жан-жағы абаттандарылып, балаларға арналған ойын алаңдары салынады. Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары күздің алғашқы айында аяқталуы тиіс.
Еске сала кетсек, осыдан бір-екі ай бұрын «Тұмар» деп аталатын бұл жаңа тұрғын үй кешенін салушы «BAZIS – A» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович құрылыстың қазығы қағылғанда арнайы келіп, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, көпқабатты тұрғын үй құрылысының таныстырылымын жасап, болашақ пәтер иелеріне сертификаттарды өз қолымен салтанатты түрде табыстаған болатын.
Елу пәтерлі үй – су тасқынынан зардап шеккен Арқалық қаласы және көршілес Аманкелді мен Жанкелдин аудандарының тұрғындарына беріледі.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Тұрғындар аптасына екі рет қатынайтын әуе рейстерінің бірін демалыс күніне ауыстыруды сұрады (далее…)
После заключения договора у него будет еще 30 календарных дней на выполнение работ — таким…
В здании специализированной пожарной части №4 проведут текущий ремонт (далее…)
Ұшақ билеттерінің бағасы белгілі болды. (далее…)
На оставшиеся работы выделили более 51 млн тенге. Подрядчику предстоит закончить системы вентиляции, пожарной безопасности…
С 4 по 9 августа Аркалык на несколько дней стал главной спортивной столицей области В…
This website uses cookies.