
Арқалықтық блогер күдікке ілінді
35 жастағы азаматты полиция зорлау және жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікпен жедел-іздестіру іс-шараларында ұстады, деп хабарлайды Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәлімдеуінше, жәбірленушілер арасында кәмелетке толмағандар жоқ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, кейбір құрбандар ер адамнан қарызға ақша алған және қарызын қайтара алмаған кезде күдікті жыныстық қатынасты талап еткен. Жәбірленушілер бас тартқан кезде, ол олардың еркіне қарсы олармен жыныстық қатынасқа түскен.
Соттың санкциясы бойынша күдікті қамауға алынды.
«Қазір тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда, қажетті сараптамалар жүргізіледі.Бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін ер адам 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін», – делінген Полиция хабарламасында.
Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жария етілмейді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31