
Арқалықтағы перзентхана ғимараты жөнделуде
Қазіргі таңда перзентхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде.
Жөндеу аяқталған соң, Арқалық ауруханасы өңіраралық деңгейде қызмет көрсететін медициналық орталыққа айналмақ. Мұнда Аманкелді, Жанкелдин аудандары мен көршілес облыстардың Жарқайың және Ұлытау аудандарынан науқастар қабылданады.
Аурухана жаңа заманға сай медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Бұрын тек ірі қалаларда ғана қолжетімді болған құрылғылар енді Арқалықта орнатылып жатыр. Алдағы уақытта жүрекке ота жасайтын мамандарды тарту мәселесі де күн тәртібінде тұр.
Облыста дәрігерлерді қолдау шаралары қарастырылған. Қалаға жұмыс істеуге келген мамандарға – 5 миллион теңгеге дейін, ауылдық жерлерге баратындарға – 7 миллион теңгеге дейін қаржылай көмек беріледі. Сонымен қатар, баспана мәселесі де шешілуде. Биыл Арқалық қаласында салынып жатқан жаңа үйден 6 дәрігер пәтермен қамтылмақ.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31